ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ДОСТАР МЕЙРАМЫ

ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ДОСТАР МЕЙРАМЫ

ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ДОСТАР МЕЙРАМЫ
ашық дереккөзі
441

Астана қаласындағы "Думан" ойын-сауық орталығында "Жаңажылдық достар мейрамы: Менiң Қазақстаным, менiң болашағым!" атты ҚР Президентiнiң ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жаңажылдық шыршасы өткiзiлдi. Бұл қуанышты кешке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бейнежолдау арқылы құттықтауын жеткiздi.

Бұл кешке Астана балалар үйiнен кәмелетке толмаған жасөспiрiмдер мен SOS балалар қалашығынан және орта мектептерден 9-13 жас аралығындағы балалар қатысты. Жаңажылдық шыршаны қызықтаған 150 балаға арнайы концерттiк қойылым ұйымдастырылып, сыйлықтар үлестiрiлдi.

– Бүгiн кең-байтақ республикамыздың барлық өңiрлерiнде елiмiздiң ең таңдаулы балалары жаңажылдық жасыл шыршаның жанына жиналып отыр. Мен жарқын жүздерi бал-бұл жанған сендердi, сендер арқылы бүкiл қазақстандық балаларды келе жатқан жаңа жылдарымен құттықтаймын! Жасампаз елiмiзде гүлдей жайнап, балалықтың базарлық шағын бастан кешкен сендер – бақытты ұрпақсыңдар! Отанымызды шын сүйетiн үлгiлi iсiмен елiмiздiң келешегiне үлес қосатын азамат болыңдар. Ұлағатты ұлт ұрпағына тән ұқыптылық көрсетiңдер, – деп құттықтады Елбасы Астана балаларына арналған шыршада.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары