ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚОҒАМЫ

ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚОҒАМЫ

ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚОҒАМЫ
ашық дереккөзі
265

25 желтоқсанда Бiшкектегi "Достық" үйiнде Қырғызстан халық Ассамблеясына қарасты Қырғызстан қазақтарының ассоциациясының кезектi жиналысы өттi. Жиналыста ассоциацияның келесi жылда атқарылатын iс-шаралар жоспары және қазақстандық қоғам өкiлдерiнiң бастамашыл тобының Қазақстанның Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың өкiлеттiгiн 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейiн ұзарту туралы жалпыхалықтық референдум өткiзу туралы бастама көтеруiне байланысты мәселе талқыланды.

Бұл мәселе бойынша пiкiрiн бiлдiргендердiң ойлары бiр арнаға тоғысты. Барлығы да егемен Қазақстан мемлекетiнiң iргесiн қалаудағы тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан зор еңбегiне ерекше баға бердi. Жиналысқа қатысқандар бiрауыздан қазақстандық бастаманы қолдаған қаулы қабыл алды. Онда: «Елбасының қажырлы әрекетiнiң арқасында бiздiң тарихи Отанымыз – Қазақстан гүлдеп-өскен, өркениеттi елдермен терезесi тең қуатты өлкеге айналды. Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымына биыл үлкен жауапкершiлiкпен төрағалық жасай отырып, ұйымның 11 жыл бойы өткерiлмей келген саммитiн Астанада ұйымдастырып, үлкен халықаралық абыройға ие болды. Мұны жақсы түсiнген қазақ елiнiң азаматтары "Президентiмiздiң қызметiн жалғастыра беруiне мүмкiндiк жасайық" деп бастаманы орынды көтерген. Бiз қазақстандықтардың бұл бастамасын қуаттаймыз және референдум өткiзiлсе, Қазақстан халқы Президент Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтынына сенемiз!» деп жазылған.

Шетелдерде тұрақтап қалған қазақтар үшiн Нұрсұлтан Назарбаевтың орны ерекше, бағасы зор. Елбасы Дүниежүзi қазақтары қауымдастығының төрағасы ретiнде шетте жүрген қазақтардың тiлiн, мәдениетiн және ұлттық салт-дәстүрлердi сақтап қалуына үлкен жанашырлық көрсетiп келедi. Осы мақсатта, шетелдегi қандастардың мұң-мұқтаждықтарын бiлу, оларға көмектесу үшiн Қазақстанда үш рет Дүниежүзi қазақтарының Кұрылтайы Президенттiң бастамасымен өттi. Елбасы негiздеген көшi-қон саясатының аясында бiр кездерi қағажу көрiп, атамекенiнен ерiксiз кеткен, елiм деп еңiреген қаншама азаматтар атажұртқа оралды.

Осы желтоқсан айында Қырғызстанда тұрып жатқан қазақтардын қоғамдық өмiрiнде елеулi оқиға болды. 14 желтоқсанда Қырғызстан қазақтарының республикалық құрылтайы өтiп, республикалық дәрежедегi екi заңды тұлға болып келген "Отан" ұлттық мәдени орталығы және "Алаш" қоғамдық бiрлестiгi бiр ұйымға бiрiгiп, Қырғызстан халық Ассамблеясының құрамындағы "Қырғызстан қазақтарының қауымдастығы" деп аталды.

Қауымдастыққа өлкенiң барлық аймақтарындағы үлкендi-кiшiлi қазақ қоғамдары мүше болып кiрдi. Қауымдастықтың төрағалығына Қырғызстандағы белгiлi қоғамдық қайраткер Серiкұл Қосақов сайланды.

С. Қосақов – Қырғыз Республикасының еңбек сiңiрген заңгерi, тәуелсiз Қырғызстан Конституциясының авторларының бiрi, биыл қабыл алынған жаңа Конституцияны әзiрлеу бойынша ұлттық кеңестiң мүшесi, Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетiнiң Заң институтының конституциялық құқық кафедрасының меңгерушiсi, пофессор.

Бұрын шашыраңқы жүргiзiлiп келген қазақ диаспораларының iстерi ендi үйлестiрiлiп, бiр орталықтан басқарылмақшы.

Назарбек БАЙЖIГIТОВ,

"Түркiстанның" Қырғызстандағы меншiктi тiлшiсi

Серіктес жаңалықтары