АДАЛ БОЛУҒА БЕРIЛГЕН АНТ

АДАЛ БОЛУҒА БЕРIЛГЕН АНТ

АДАЛ БОЛУҒА БЕРIЛГЕН АНТ
ашық дереккөзі
249

Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгi күнi қарсаңында, 15-желтоқсан күнi Алматы облысы бойынша Кедендiк бақылау департаментiнде ел тәуелсiздiгi мерекесiне және Кеден қызметi күнiне арналған салтанатты жиын өттi. Жиында алдымен қызметке жақында қабылданған алты жас кеденшi Отанға және қызметтiк мiндетке адал болу жөнiнде салтанатты ант қабылдады.

Атап айтарлығы, ант қабылдаушылардың арасында департаменттiң мақтанышы, грек-рим күресiнен Қазақстан Республикасының бiрнеше дүркiн чемпионы, ҚР Президентi кубогының иегерi, Азия ойындарының бiрнеше дүркiн чемпионы, халықаралық iрi турнирлердiң жеңiмпазы, халықаралық спорт шеберi, Лондон олимпиадасында алтыннан алқа тағуға үмiттi Марғұлан Әсембеков те бар. Ары қарай, жиын қызметтiк мiндеттерiне адалдық танытып, жоғарғы көрсеткiштерге қол жеткiзген қызметкерлердi марапаттау рәсiмiне ұласты. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетi төрағасының бұйрығына сәйкес, Департаменттiң бiрнеше қызметкерiне мерзiмiнен бұрын бiр саты жоғары арнайы әскери атақтар берiлдi. Сонымен бiрге, бiрнеше қызметкер “Кеден iсiнiң үздiгi” кеуде белгiсiмен марапатталды. Мереке күнi ардагерлер де кеденшiлер назарынан тыс қалған жоқ. Сол күнi кеден саласы ардагерлерi ғана емес, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының және Ауған соғысының ардагерлерi де төрден орын алды. Сондай-ақ, ардагерлердiң өтiнiшiмен, Кедендiк бақылау департаментiнiң басшылары көмекке мұқтаж тағы бiрнеше ардагерлер отбасын қамқорлыққа алу мәселесiн талқылау жөнiнде уәде бердi.

Бүгiнде кеден саласы қызметкерлерiнiң ел экономикасының өркендеуiне қосып отырған үлесi ұшан-теңiз. Олар елiмiздiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етiп қана қоймай, елiмiздiң қаражат қорын, яғни мемлекеттiк бюджеттi еселеп толықтырып отырады. Мәселен, үстiмiздегi жылғы 11 айда елiмiздiң кеден органдары мемлекеттiк бюджетке 643 миллиард теңгеге жуық қаржы аударуды қамтамасыз етсе, оның iшiндегi 40 миллиард теңгеге жуығы Алматы облысы кеденшiлерiнiң үлесiнде. Тағы бiр атап айтар нәрсе, жыл басынан берi кеден саласының мемлекеттiк бюджетке аударған қаржысын елiмiздегi әр кеден қызметкерiне шаққанда – 120 миллион теңгеден айналады екен. Ал мемлекет бiр кеденшiге жылына 1,5 миллион теңге ғана жұмсайды екен. Осыдан-ақ кеден саласы қызметiнiң қаншалықты тиiмдi екенiн аңғаруға болады.

Тәуелсiздiк жылдары iшiнде елiмiзде кәсiби шеберлiгi жоғары, өз iсiне шынайы берiлген кеденшiлердiң жаңа толқыны тәрбиелендi. Олардың қатарында Алматы облысы бойынша Кедендiк бақылау департаментiнiң қызметкерлерi де бар. Атап айтқанда, Департамент бастығының орынбасарлары – А. Малянов, М. Үмбетқалиев, Кедендiк кiрiстер басқармасының бастығы – Ф. Абылқалықова, "Қапшағай" кеден бекетiнiң бастығы – А. Красюков, "Алатау-КРО" кеден бекетiнiң бастығы – М. Войтович, "Алматы-авто" кеден бекетiнiң бастығы – Б. Төлепов, Кедендiк бақылауды ұйымдастыру басқармасы бастығының мiндетiн атқарушы – Р. Қалиаждаров, осы басқарманың бас маманы Ғ. Жетiбаев және тағы басқаларын атап өтуге болады.

Қайрат Матреков, Алматы облысы бойынша

Кедендiк бақылау департаментi баспасөз қызметiнiң жетекшiсi

Серіктес жаңалықтары