ЖАҢА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

ЖАҢА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

ЖАҢА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ
ашық дереккөзі
290

Талдықорған қаласындағы "Қаратал" шағын ауданында "Балапан" бағдарламасы бойынша 280 орындық балабақша ашылды. Мұнда 75 жұмыс орны құрылып, 14 балалар тобы тәрбиеленбекшi.

Жалпы аумағы 4009,6 шаршы метрдi құрайтын ғимараттың сметалық құны 532 млн. теңгеден астам қаржыны құрады. Құрылыс жұмыстарының бас мердiгерi – "Атил" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.

Қазiргi кезде Талдықорғанда 8 мемлекеттiк және 7 жекеменшiк балабақша жұмыс iстейдi. Мектепке дейiнгi тәрбиемен қазiр қала бойынша 2662 бала немесе балалардың 34,6 % қамтылып отыр.

Салтанатты мереке кезiнде сөз алған облыс әкiмi Серiк Үмбетов:

– Талдықорған қаласында 1995 жылға дейiн барлығы 53 балабақша жұмыс iстеп, онда 7000 бала тәрбиеленген. Алайда оңтайландыру кезiнде көптеген мектепке дейiнгi тәрбие мекемелерi қараусыз қалып, бұзылды, бiрқатары жекеменшiктiң қолына өтiп кеттi. Қазiр сол ғимараттарды мемлекет меншiгiне қайтарып алу жұмыстары жүргiзiлуде. Сонымен қатар, жаңадан құрылыс жүргiзу нәтижесiнде де бүлдiршiндер тәрбиелейтiн орындар саны арта бастады. "Балапан" бағдарламасы шеңберiнде жыл соңына дейiн Талдықорғанның "Мүшелтой" шағын ауданында 320 орындық тағы бiр балабақша ашылатын болады, – дедi.

Сағыныш Намазшамова,

Талдықорған қаласы.

Серіктес жаңалықтары