Арман ЖЕТПIСБАЕВ: ШЫМКЕНТ МИЛЛИОНЕР БОЛУҒА ЖАҚЫН

Арман ЖЕТПIСБАЕВ: ШЫМКЕНТ МИЛЛИОНЕР БОЛУҒА ЖАҚЫН

Арман ЖЕТПIСБАЕВ: ШЫМКЕНТ МИЛЛИОНЕР БОЛУҒА ЖАҚЫН
ашық дереккөзі
278

Ауа-райы жанға да, малға да жайлы, жерi де, елiнiң пейiлi де кең Оңтүстiк өңiрге сапарлатудың сәтi түстi. Шымкенттiң бiр өзiнiң ел экономикасын дамытуға қосар үлесi қомақты көрiндi.

Осы орайда, Шымкенттiң бүгiнгi әлеуметтiк-экономикалық, демографиялық дамуы жөнiнде қала әкiмi Арман Жетпiсбаевқа бiрнеше сауал қойдық.

– Шырайлы қала Шымкентте бүгiнге дейiн индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аясында қандай жобалар жүзеге асты?

– Рас айтасыз, Шымкент – Қазақстан жерiндегi ең көрiктi де, ерекше қалалардың бiрi. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Шымкент – елiмiздегi үшiншi қала болады" деуi тектен тек емес. Шымқаламыз жылдан-жылға ажарланып, жасыл желекке бөленiп келедi.

Биылғы жыл секторында үдемелi индустриялық-инновациялық даму, "Бизнестiң жол картасы – 2020" бағдарламалары аясында бiрқатар жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, экономиканы тұрақтандыру мақсатында "Жол картасы" да жалғасын тапты.

Жалпы, қазiргi таңда қаланың әлеуметтiк-экономикалық даму қарқыны әжептәуiр. Экономиканың нақты секторында өсiм байқалады.

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аясында жыл басынан берi жаңадан 4 кәсiпорын iске қосылып, 800-ден астам жұмыс орындары ашылды. Олар: "Азия керамик", "HILL Corparation", "Оху Textile", "Хлопкопром-Целлюлоза" ЖШС.

"Бизнестiң жол картасы – 2020" бағдарламасы бойынша мақта өнiмдерiн экспортқа шығаратын "South Textiline KZ" кәсiпорнына пайыздық мөлшерiн субсидиялау арқылы көмек берiлдi. Бүгiнгi таңда бұл өндiрiсте 350 адам жұмыспен қамтылған.

Сонымен қатар, бұрынғы фосфор зауытының аймағында "индустриалдық аймақ" құру жұмыстары басталды. Қазiргi таңда индустриалдық аймақта жүзеге асыру мақсатында 10 инвестициялық жобалар iрiктелдi. Бүгiнгi күнi құрылыс жұмыстары басталып та кеттi. Мұнда 700-ге жуық жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Қазiр, "Зольфо Қазақстан" ЖШС аумағы 84 гектар жерде құрылыс қалдықтарын тазалап, қайта өңдеудi қолға алды. Жоба аясында жаңадан 19 жұмыс орны ашылды.

– Инновация демекшi, оңтүстiк өңiрде тамшылап суару әдiсiнiң қолдынысқа енгiзiлгенiн бiлемiз. Заманауи инновациялық жобаны жүзеге асыруда қандай қиындықтар болды?

– Иә, ауылшаруашылық өнiм көлемiн арттыру мақсатында 2010 жылы 180 гектар егiстiкке тамшылатып суғару әдiсiн енгiзу жоспарланған едi. Бүгiнге дейiн 7 кәсiпкердiң иелiгiндегi 33,5 гектар алқап осы әдiспен суарылды. Бұл дегенiңiз, жоспардың 18,6 пайызы жүзеге асты деген сөз.

Тағы 11 кәсiпкер 146,5 гектар жердi игеруге ынта бiлдiрiп отыр. Осы кәсiпкерлерге жер бөлу мәселесiн шешу мақсатында шаруа қожалықтарының пайдаланылмай жатқан жерлердi сұрыптап, 2070 га пайдаланылмай жатқан жердiң бар екенiн анықтадық.

Бұл жерлер тамшылатып суару технологиясын енгiзуге ниет бiлдiрiп отырған кәсiпкерлерге берiлдi. Ендiгi шаруа iс тетiгiн бiлетiн адамдарда, яғни, диқандарда.

– Қала былтырғыға қарағанда көркейе түскен сияқты…

– Иә, биыл қаламызда бiрқатар iрi сәулеттiк жобалар атқарылды. Атап айтқанда, Ұлы Жеңiстiң 65 жылдығына орай Абай саябағында "Даңқ мемориалы" салтанатты түрде ашылды. Онда 140 мың жерлестерiмiздiң есiмi гранитке қашап жазылған. Жас өркен ұрпақтарымыз өткеннен сабақ алсын деген жарқын ойдың көрiнiсi ғой бұл.

Оның үстiне, ұлы композитор, вальс "падишасы" Ш.Қалдаяқовтың 80 жылдық мерейтойына арнап республикалық ретрофестиваль өткiзiлдi. Осы оқиғаға орайластырып, қаламызда "Шәмшi әлемi" гүлзары ашылды.

Қаланың сәулетi тек көркемдiк емес, осындай тәрбиелiк мәнге де ие болғаны жөн ғой деймiз.

– Оңтүстiк Қазақстан облысының, оның iшiнде Шымкент қаласы халық тығыз орналасқан аймақтардың бiрi екенi белгiлi. Дегенмен, Шымкент әлi "миллионер" қала бола қойған жоқ…

– Менiңше, Шымқаламыздың миллион тұрғыны бар қалаға айналуына барлық мүмкiндiктер бар. Бiздiң қаламыз – ауқымы зор әрi Қазақстан жерiндегi халқы тығыз орналасқан үш қаланың бiрi. Қаланың халқымен қатар, оның аумағы да жыл сайын артып келедi.

Қазiрдiң өзiнде Шымкент қаласының жер аумағы 65 мың гектарды құрап отыр.

Шымкент заманауи мегаполистiң барлық талаптарына жауап бере алады, оған қолайлы ауа райы, әлеуметтiк экономикалық даму жылдамдығы, адам факторының белсендiлiгi де жеткiлiктi.

Бүгiнде Шымкент қаласында 600 мыңға жуық адам өмiр сүруде, ал ендi ресми-бейресми деректердi алып қарағанда, қалада 800 мың халық тұрады деп айта аламын.

Шамамен, 2015 жылға дейiн қала тұрғындарының саны 1 миллионға дейiн өседi деп болжап отырмыз.

Дайындаған Көлбай ЖЕҢIС

Серіктес жаңалықтары