ҚАЗАҚ САЯСАТЫ
ҚАЗАҚ САЯСАТЫ
Ақпарат айдынына қанат қаққанына екi жылдай уақыт болса да "Қазақ" альманағы ойлы оқырманның iздеп оқитын басылымына айналды. "Қазақ ойы", "Қазақ сөзi", "Қазақ саясаты", "Қазақ идеясы", "Қазақ миссиясы" және тағы басқа айдарлары аясымен қазақтың жан-жақты дамуын мұрат еткен тұжырымды мақалалар жинағы iспеттi бұл альманах жылына алты рет жарық көредi.
Альманахтың "Қазақ үнi" айдары Алаш арыстарының өткен ғасыр басында айтып кеткен, яғни, осы күнге дейiн өзектiлiгiн жоймаған жанайқайын жаңғыртса, "Қазақ тәржiмасы" айдары бүгiнгi ғаламдық, адамзаттық ой толғайтын әлем ғалымдарын сөйлетедi. Ал "Қазақ сөзi" айдары сүбелi сұхбат ұсынады.
Құрметтi оқырман, қазiргi жаңашыл қазақтың ойын, қазақтың саясатын, қазақтың миссиясын бiлгiңiз келсе "Қазақ" альманағын оқыңыз. Альманахқа жазылу жүрiп жатыр. Мұраты биiк басылымға "Қазпошта" АҚ-ның кез келген бөлiмшесi арқылы жазылуға болады. Жеке тұлғаға бiр жылға жазылу – 2065 теңге. Ал заңды тұлға үшiн – 2365 теңге. "Қазақ альманағы" туралы қалған мәлiметтi осы жылғы баспасөзге жазылу каталогының 117-бетiнен көре аласыз.
"Түркiстан-ақпарат"