OSCE САММИТI ТАЛҚЫЛАУДЫҢ ТАПТЫРМАС АЛАҢЫ

OSCE САММИТI ТАЛҚЫЛАУДЫҢ ТАПТЫРМАС АЛАҢЫ

OSCE САММИТI ТАЛҚЫЛАУДЫҢ ТАПТЫРМАС АЛАҢЫ
ашық дереккөзі
255

Әлем назары бүгiнде Қазақстан жақта. Елiмiз серпiндi даму жолымен келедi. Бiле бiлгенге Қазақстанның Еуропа құрлығы, Солтүстiк Америка және Орта Азия аймақтарындағы қауiпсiздiкке мүдделi ұйым – ЕҚЫҰ-на төрағалық етуi, 2011 жылғы Ислам конференциясы көш бастауы, Ресей, Беларусь елдерiмен арада Кедендiк одақ құру бастамасын тұңғыш боп көтеруi – бұл мемлекетiмiздiң бүгiнгi жетiстiгi ғана емес, кемел келешегiмiздiң берiк iргетасы.

Қазақстанның еңселi елдермен, алпауыт мемлекеттермен бұлайша терезесiн тең ұстауын, әлеумет әлеуетiнiң әлдеқайда жақсаруын мемлекет басшысы, "Нұр Отан" ХДП төрағасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың сарабдал саясатымен сабақтастырсақ, артық болмас, ағаттық жасамаспыз.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда баспадан шыққан "Он делает историю" кiтабындағы көңiлге қонымды мына ой оралымдарын қадап айтқым келедi. "Бүкiл әлем "Назарбаев феноменi" туралы… "Ол Еуропа мен Азияның қақ ортасында қалай дүниеге келсе, Батыс пен Шығыс атты екi өркениеттiң де өрiсiн солай таныды. Тоталитаризм мен демократия сияқты қос саяси жүйенi де бiрден көрдi. Дәл осы көшбасшы – Н.Ә.Назарбаев қана өз саясатында Еуропа реформизмi мен прагматизмiн шығыстың дәстүрлi демократизмiнен ажыратып, ара-жiгiн айқындай бiлдi…".

Президентiмiздiң бұл бiлгiрлiгi мен тағылымды, терең тәжiрибесi бүгiн-ертең өтетiн ЕҚЫҰ-на мүше елдердiң Саммитi кезiнде тiптен әйгiленбек.

Саммит баршамызға тың серпiн дарытты. Дүйiм жұрт Қазақстан төрағалық еткен жылдың ерекше болғаны жайлы ой қорытты.

Мемлекетiмiз бiрлiгi жарасқан, атағы мұхит асқан ел ретiнде ұзақ жылдар бойғы Қарабах дауына, Ауғанстандағы есiрткi тасымалына, Қырғызстандағы өткiр iшкi саяси текетiреске ыждаһатты көңiл бөлдi. Төраға ретiнде ушыққан сол проблемалардың дүрбелең дүбiрiн басуға тырысты. Айырқалпақты ағайынға да, талай тарихтан берi кикiлжiңге толы ымырасыз аймақ – Ауғанстанға да гуманитарлық көмек қолын созды. Стратегиялық маңызы бар нысандардың құрылысы үшiн бiр ғана ауған елiнiң өзiне 3 млн. АҚШ долларын бөлгiздi. Мемлекеттiк бюджетiмiздiң есебiнен 50 млн. АҚШ долларын бөлу арқылы ауғанстандық жастардың Қазақстанда бiлiм алуына жағдай жасады.

2008 жылы Брюссельде өткен конференциядан берi Қазақстан экология мәселесiн де алдыңғы сапқа қойған. Экономика-экологиялық кеңiстiктегi проблемаларды жаһандық деңгейде қарастыруды қолға алған. Қазақ мемлекетi осыған орай Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитi елдiң экологиялық ахуалын да айналып өтпеуi керек екенiн ескерiп отыр.

Бұл орайда бiз Астана Саммитi талқылаудың таптырмас алаңына айналып, даурықтырар даулар шешiлетiн, кешендi iстер бойынша келiсiмдер кесiлетiн басқосу боп табылатынына, тарихта қалатынына сенемiз. Саммиттiң жоғары деңгейде өтiп, соңынан қабылданған шешiмдер бойынша жұмыс атқаруға облысымыздағы "нұротандықтардың" қосатын бiлегi де, тiлегi де зор екенiн жеткiземiз!

ЖАДЫНАМА

"Нұр Отан" ХДП ОҚОФ-ның ұйытқы болуымен жуырда Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк Фармацевтика академиясы базасында өткен дөңгелек үстел мәжiлiсi – әлгiнде айтылған сөздердiң айғағы.

Алқалы жиында облыстық партия филиалының ұжымы "Елiмiздiң ЕҚЫҰ-на төрағалық етуi – Қазақстан мәртебесi үшiн маңызды. Бiз бұл миссияны да, халықаралық ұйымға мүше елдердiң желтоқсан айының 1-i мен 2-сi күндерi Астанада өтетiн саммитiн де қолдаймыз!" деп, ой айтқандардың басын қосты. Дөңгелек үстел мәжiлiсiнде пiкiрлескендер – Б.Сексенбаев бастаған атақты ғалымдар мен медицина саласының мамандары, "Бедел" бастауыш партия ұйымының белсендiлерi және ЖОО-ның студенттерi.

Алқалы жиын билiк партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Нұрлан Нығматуллиннiң Шымкенттегi аймақтық партия активi мәжiлiсiнде берген тапсырмаларын жүзеге асырудың бастамасына айналды. Еске салсақ, бұл жиында Нұрлан Нығматуллин барша "нұротандықтарды" ОБСЕ саммитiне ақпараттық қолдау көрсетуге, ел тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығын айрықша атап өтуге, партия қызметкерлерiн жауапкершiлiгi жоғары, адал еңбекке шақырып, бастауыш партия ұйымдарының беделiн нығайтуға, халықпен байланысты күшейтуге үндеген едi.

* * *

ОБСЕ саммитiне ақпараттық қолдау көрсету бойынша "Нұр Отан" ХДП ОҚОФ-ның бастамасымен облысымыздағы барлық 299 бастауыш партия ұйымдарында жиналыстар болып өттi. Онда саммит турасында пiкiр айтылып қана қоймай, алдағы жылы "нұротандықтар" атқаруы тиiс жұмыстар мен мiндеттер екшелдi.

* * *

Халықаралық мәнге ие басқосу турасындағы байыпты кездесу М.Әуезов атындағы ОҚМУ базасында өттi. Облысымызға арнайы сапарлаған саясаттану ғылымдарының докторы, ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Камал Бұрханов облыстық партия филиалы мен оқу орны басшылығының бiрлескен бастамасы бойынша оқу орны студенттерiмен жолықты. Заң шығарушы орган – Парламент қабырғасында, өзге де биiк мiнберлерде айтылып жүрген халықаралық мәселелер студент жастармен терең талқыланды.

Ұласбек СӘДIБЕКОВ, "Нұр Отан" ХДП ОҚОФ

төрағасының бiрiншi орынбасары

Серіктес жаңалықтары