МҰНАЙ ӨНIМДЕРIН САҚТАУ КӨЛЕМI АРТТЫ

МҰНАЙ ӨНIМДЕРIН САҚТАУ КӨЛЕМI АРТТЫ

МҰНАЙ ӨНIМДЕРIН САҚТАУ КӨЛЕМI АРТТЫ
ашық дереккөзі
375

Елiмiздiң "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мұнай өнiмдерiн сақтау көлемiн арттырып отыр. Осы мақсатта француздық iрi отын мұнай базаларының бiрiнде мұнай өнiмдерiн сақтау ресурстарының әлеуетi жақсартылды.

Аталмыш компанияның шетелдiк Dyneffеншiлес компаниясы арқылы DPF мұнай базасының үлестiк қатысының 9,67 пайызын бақылайды. DPF компаниясы – Франциядағы 12 мұнай өңдеу зауытының жалпы өңдеу көлемiнiң 30 пайызын құрайтынTotal La Mede, Ineos Lavera, Esso Fos и Lyondell basell Berre мұнай өңдеу зауыттарының орталық сақтау қоймасы және мұнай өнiмдерiн өткiзу жөнiндегi орталық. Франциядағы Марсель қаласына жақын маңдағы отын-мұнай сақтау базасының жалпы сақтау қуаты 780 мың текше метрдi құрайды.

Аталмыш базада 2009 жылдан 2010 жылға дейiн жүргiзiлген жаңарту жұмыстарының барысында резервуарлардың сыйымдылығы 80000 текше метрге арттырылып, 860 000 текше метрге жеткiзiлдi. Отын сақтау көлемiн арттыру DPF-тiң түгелдей өз қаржысымен қамтамасыз етiлдi. Өз кезегiнде "ҚазМұнайГаз" компаниясы арқылы өз қуаттарын 10 000 текше метрге өсiруге мүмкiндiк алып отыр.

"ҚазМұнайГаз" компаниясы Франциядағы стратегиялық жағынан маңызды терминалдарының бiрi болып табылатын DPF-тегi мұнай базасын 2011 жылы жаңартуды аяқтауы"ҚазМұнайГаз" ҰК-наDyneff еншiлес компаниясы арқылы Еуропада логистика инфрақұрылымы саласындағы өз позициясын нығайтуға мүмкiндiк бередi.

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары