МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАР ЖҰМЫСЫ – АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ КӨЗIМЕН

МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАР ЖҰМЫСЫ – АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ КӨЗIМЕН

МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАР ЖҰМЫСЫ – АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ КӨЗIМЕН
ашық дереккөзі
440

Үстiмiздегi жылдың 23 қарашасы күнiАлматы қаласы Әкiмдiгiнде Халықаралық "Жанашыр" қорыАлматы қаласы Iшкi саясат басқармасының қолдауымен "Мемлекеттiк органдар жұмысы – азаматтық қоғам көзiмен" атты конференция өткiздi.

Бұл конференция Елбасының биылғы жылғы наурызда қабылданған "Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астананың орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайын бағалау жүйесi туралы" Жарлығына сәйкес ұйымдастырылды. Мемлекеттiк органдар жұмысын бағалау жаппай енгiзiлмегендiктен, қазiргi жұмыстардың бәрi – келер жылы жүзеге асар ауқымды iстердiң алғышарттары ғана. Мемлекеттiк органдар жұмысының тиiмдiлiгiнбағалаудың, алты түрлi бағытының iшiнде, құжатта айтылғандай, мемлекеттiк қызметтер көрсетудi бағалауға, яғни мемлекеттiк қызметтi тұтынушыларға сауалдар жүргiзу жұмыстарына тәуелсiз сарапшылар мен үкiметтiк емес ұйымдарды (қоғамдық бiрлестiктер) тарту айтылған.

Бұл ресми рейтинг биыл қанатқақты түрде – мемлекеттiк орган мен облыстың бiр жергiлiктi атқарушы органынан басталып отыр. Ал барлық меморгандарды бағалау жүйесi келесi жылдан бастап iске қосылады. Сондықтан, Халықаралық "Жанашыр" қоры әзiрге, меморган қызметiн бағалау жүйесi туралы құжатта айтылған – мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапалы, уақтылы болуына, шағымданудың жауапсыз қалмауына, әдептiлiк сақтауға, электрондық форматта қызмет көрсетуге назар аударылуы сынды қағидаларды негiзге алды. Сөйтiп, қызмет сапасын бағалауда мемлекеттiк қызметтi тұтынушылар арасында әлеуметтiк сауалнама жүргiздi. Сауалнама жүргiзу жұмысына дербес сарапшылар мен үкiметтiк емес ұйымдар тартылды. Бұл – көпшiлiк мақұлдаған әлемдiк тәжiрибе. Сауалнамалар нәтижесi бойынша меморгандар жұмысындағы жетiстiктер мен кемшiлiктер, кедергiлер мен проблемалар сараланды.

Осы әлеуметтiк сауалнамалар мен тәуелсiз сарапшылар бақылауының нәтижесi бойынша өткен конференцияда "Жанашыр" қорының президентi Жаңыл Әпетова баяндама жасады. Әлеуметтiк сараптаманың қорытындысымен таныстырды.

ЖиындаАлматы қалалық мәслихатының депутаты Нағикүл Бисенбина, "Ұлттық журналистiк зерттеу орталығы" қоғамдық қорының төрағасы Дәрмен Смаил, Алматы қаласы әкiмдiгi Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасының сақталуын бақылау бөлiмiнiң өкiлi Жанаргүл Хасенова, Алмалы ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры АйгүлАхметова және т.б. мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк қызмет көрсетушi мекемелер, Үкiметтiк емес ұйымдар және БАҚ өкiлдерi ой-пiкiрлерiн ортаға салды.

Конференция соңында айтылған ұсыныс-пiкiрлер негiзiнде қарар қабылданып, тиiстi орындарға жiберу қарастырылды.

Айжан БОДАУБАЙҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары