БIР СУРЕТТIҢ СЫРЫ

БIР СУРЕТТIҢ СЫРЫ

БIР СУРЕТТIҢ СЫРЫ
ашық дереккөзі
237

1942 жылдың бас кезiндеҚармақшыдағы әскери комисариатқа шақыртылған Жалағаш ауданы №16 ауылдық кеңеске қарастыЖаңаталап колхозының бiр топ кiсiлерi ескерткiш ретiндесуретке түседi. Көп ұзамай осысуреттегi 8 кiсi әртүрлiуақытта майданға аттанады. Сол бiр қиын-қыстау кезеңде түскен адамдардың суретiнiң бiреуi – бүгiнге дейiнБекберегенұлы Майлыбай ақсақал арқылы оның үлкен ұлы белгiлiұстаз Жақсылық Майлыбайұлы мен осы жолдардыңавторында болған. Кезiнде 7-8 жастағы Ж.Майлыбаев майдан даласынан келген хаттарды оқып берiп отырған.

Жакеңнен ауысып маған жеткен бұл суреттi өзiмнiң бiрнеше жинақтарымда жарияладым. Алайда осы суреттегi 8 адамның бәрiн бiлмейтiн едiм. Тек майдан даласынан аман оралған Қайырбай Есов, Бану Махамбетов пенөзiмнiң туған нағашым Уалбек Әбiшовтың суретiн ғанабiлушi едiм.

Соғыстан аман оралған Қ.Есов пен Б.Махамбетовтер. "Жаңаталап" колхозында басшылық қызметтерде болыпауыл бейнесiнiң өркендеуiне айтарлықтай үлес қосқан азаматтар болды.

Жеке альбомымдағы бұл сурет балаларымның қолынатүсiп аздапбүлiнгенi бар. Суреттi қайта қалыпқа келтiрiп жүргенiмде суреттегi үшiншi кiсi Қанатша Төлегеновты анықтадым. Жақында орайы келген әңгiме тұсында ағайым ЖақсылықМайлыбаевтан бұл суреттегi кiсiлер туралы сұрағанмын қиналмастан суреттiң түсу тарихы мен ондағыадамдарды атады. Отырғандар: (солдан оңға қарай)

1.Қайырбай Есов (1910-1961), 2. Қанатша Төлегенов (1910-1944), 3. Шайхы Есов (1912-1942), 4. Уалбек Әбiшов (1912-1943). Түрегептұрғандар: 1. Қонарбай Жұбаниязов, 2. Мүсiлiм Құлмаханов, 3.Бану Махамбетов, 4.Сансызбай Қалымбетовтердiң аяулы бейнесi тарих болып қалды. Тiптi, олардыңұрпақтарында бұл сурет жоқ екен.

Жақында осы сурет туралы №16 ауылдың адамдары арасында әңгiме қозғалғанда Жакең бастап, өзiм қостап дегендей осындағы 8 кiсiнiң белгiсiз болып келген үшеуiнiңсуретiн атап көрсеткенiмде Қанатшаның қызы Ақтыныш Қанатшаева, Шайқының ағасыныңұрпақтары Әмiр мен Рая Қайырбаева, Сансызбайұрпақтары естiп бiр қуанып қалды. Ұрпақтары оларды өмiрдекөрмесе де, әке бейнесiнанық бiлмесе де 1942 жылғыжансыз суретке телмiре қарап отырды. Соғыс кезiнiң түлегi 1942 жылы туған Ақтыныш Қанатшаева: "Рахмет саған Тынышбекәкемнiң өзiн көргендей болдым", – деп алғысын бiлдiрiп жатты.

Сөйтiп, 1942 жылғы бiр суреттегi адамдардың кiмдер екенi анықталды. Алдағы уақытта ұрпақтарынакөбейтiп бiр-бiр суретiн ескерткiшке ұсынбақпын.

Тынышбек ДАЙРАБАЙ

Серіктес жаңалықтары