358
"САМҒАУ" МҮГЕДЕК ЖАНДАРҒА ҚАНАТ БIТIРЕДI
"САМҒАУ" МҮГЕДЕК ЖАНДАРҒА ҚАНАТ БIТIРЕДI
Жуырда елiмiздегi алғашқы қоғамдық "Самғау" сыйлығы тарту етiледi. Мүмкiндiгi шектеулi жандардың өнерi мен еңбегiн бағалайтын сыйлық Еңбек және халықты қорғау министрлiгi мен "ҚазРосГаз" ЖШС қолдауымен, "Бауыржан" қайырымдылық қоры және "Мейiрiм" жеке қорының ұйымдастыруымен жүзеге асуда.
Мүгедек жандардың еңбегiн бағалау туралы идея осыдан 3 жыл бұрын туындаған. Бiрақ қаржыландыру жағы қиын болғандықтан, ендi ғана мүмкiндiк туып отыр. "Бауыржан" қайырымдылық қорының президентi Жұлдыз Омарбекованың айтуынша, қаржы мүгедек жандарға көп көмек болады. "Күнкөрiстiң қамы үшiн еңбек ететiн жандарға осылайша жәрдем берудi жөн көрдiк. Олардың еркiн самғап, шабыттануына жасаған қадамымыз деп бiлемiз", – дейдi. "Самғау" сыйлығы мәдениет, бiлiм, спорт және әдебиет саласы бойынша берiледi. Бұл байқауда 6 жастан 16 жас аралығындағы балаларғаарналған "Балалар" шығармашылығы да ұйымдастырылып отыр. Жеңiмпаздарды 11 адамнан тұратын әдiлқазылар алқасы анықтайтын болады. "Бүгiнге дейiн 30 ұсыныс түсiп отыр, марапаттау шарасы өтетiн 3 желтоқсанға дейiн тағы да ұсыныстар қабылдаймыз", – дейдi "Мейiрiм" жеке қорыныңдиректоры Ляззат Жакенова.
"Түркiстан-ақпарат"