"АДЖИПКЕ" АЛАЯҚ ДЕГЕН АЙЫП ТАҒЫЛДЫ

"АДЖИПКЕ" АЛАЯҚ ДЕГЕН АЙЫП ТАҒЫЛДЫ

"АДЖИПКЕ" АЛАЯҚ ДЕГЕН АЙЫП ТАҒЫЛДЫ
ашық дереккөзі
225

Елiмiздегi мұнай өндiрушi iрi компанияларға қатысты экологияға зиян келтiрдi деген айып көптеп тағылуда. Соңғы жылдар аралығында олардың саны тiптен жиiлеп кеттi. Солардың бiрi – "Аджип" компаниясына қатысты жақында алаяқтық жасады деп күдiк келтiрiлуде. NCOC Қашаған жобасының операторлары"Аджип"110 миллион доллар көлемiнде алаяқтық жасады деп отыр. Бұл туралы ҚР Қаржы полициясы мәлiмдедi.

"NCOC компаниясының "Аджип" мұнай өндiрушi компаниясы "Жердегi Болашақ зауытының мұнай және газ дайындық кешенiн орнату" нысаны бойынша жасалған құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша бiр шығын 110 миллион доллар сомасына екi рет есептелген", — дейдi Қаржы полициясының Астанадағы ақпараттық-сараптама департаментiнiң бастығы Әдiл Абылқасымов.

Өткен жұмада "Қазақстандағы жердi пайдаланудың саяси-құқықтық аспектiлерi" аттыхалықаралық конференция ұйымдастырылған болатын. Осы жиында Абылқасымов мырза бұл сома кейiннен өндiрiлетiн мұнай және газ көлемi есебiнен өндiрiп алу жоспарланған деп отыр. "Бұл факты аясында қазiргi уақытта алаяқтық бабы бойынша қылмыстық iс тергелуде", – деп нақтылады қаржы полициясының өкiлi.

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары