ЛУКАШЕНКО ПРЕЗИДЕНТТIК САЙЛАУҒА ТҮСЕДI

ЛУКАШЕНКО ПРЕЗИДЕНТТIК САЙЛАУҒА ТҮСЕДI

ЛУКАШЕНКО ПРЕЗИДЕНТТIК САЙЛАУҒА ТҮСЕДI
ашық дереккөзі
425

Саясат сахнасында белгiлi тұлғалардың бiрi, Белоруссия президентi Александр Лукашенко мен Ресей премьер-министрi Владимир Путин арасында ақпараттық соғыс өршiп кеткен едi. Бұған Белоруссияның Ресейдiң "Газпром" компаниясына 200 миллион доллар шамасында қарызға батуы себепшi болған деседi.

Мұндай еркелiкке шыдамаған алпауыт компания Беларуске беретiн газды шектеп тастаған-тұғын. Iле шала Александр Лукашенко "Газпромға" берешегiн төлеп, жаны жай тапқан. Тiптi, Александр Лукашенко ресейлiк баспасөзге берген сұхбатында: "Бiз Ресей үкiметiнен уақыт сұрадық. Бiрақ олар: "Бiр күн де күтпеймiз!" – деп мәлiмдедi. Содан Әзiрбайжан президентi Ильхам Әлиевке хабарластым. Ол бiр тәулiкке жеткiзбей маған 200 миллион доллар қарыз бердi. Оның 187 миллионын "Газпромға" төлеп, қарызымыздан 10 пайыз құтылдық" деп ағынан жарылыпты. Алайда, ресейлiк НТВ телеарнасы ақпараттық соғысты одан әрi қыздыра түсiп, "Өкiл батька" фильмдер топтамасын көрсетiп, Лукашенкоға қара күйе жағып әрi масқаралауды жалғастырды. Бұған шыдамаған жергiлiктi халық бұл арандатушы фильмдердiң беларусь халқынның намысына тиетiндiгiн айтып, арнайы мәлiмдеме жасады.

Дегенмен, Лукашенко өзiне тықыр таянғанын да сезiп отыр. Себебi, алдағы желтоқсан айының 19-ында Белоруссияда кезектi президенттiк сайлау өтпекшi. Алдын-алаесеп бойынша, президенттiкке үмiткер ретiнде 17 кандидат тiркелген. Ал, Белоруссия конституциясына енгiзiлген өзгерiстерге байланысты қазiргi президент Александр Лукашенконың төртiншi мәрте президенттiк тiзгiнiн ұстауға құқығы бар. Болжам жасаушылардың айтуынша, бұл сайлауда Ресей тарапынан қолдаудың болмайтындығы негiзгi мәселеге айналмақшы.

Қазiргi кезде Белоруссияның президент әкiмшiлiгi жанындағы "Белая Русь" қозғалысы Александр Лукашенконы қолдау үшiн қол жинауға кiрiскен. Аталмыш қозғалыстың баспасөз хатшысы Юрий Мироновтың пiкiрiнше, қол жинау осы ұйымның 150 қоғамдық қабылдауларында жалғаса бередi деп ашық жариялады. Көп ұзамай Лукашенко өзiне 600 мыңдаған адамның қолпаштау бiлдiргенiн айтып, алғыс жаудырды.

Динара ДҮРМӘН

Серіктес жаңалықтары