"СӨЗI ЖЕТКЕН АЛАШҚА" – ЕСТЕЛIКТЕР КIТАБЫ

"СӨЗI ЖЕТКЕН АЛАШҚА" – ЕСТЕЛIКТЕР КIТАБЫ

"СӨЗI ЖЕТКЕН АЛАШҚА" – ЕСТЕЛIКТЕР КIТАБЫ
ашық дереккөзі
223

Жақында "Жанашыр" баспасынан ҚХР мемлекеттiк сыйлығының иегерi, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесi, жазушы, қоғам қайраткерi Жақсылық Сәмитұлының 70 жылдығына орай Халықаралық "Жанашыр" қорының қолдауымен жазушы жайлы жазылған "Сөзi жеткен алашқа" атты естелiктер кiтабы жарық көрдi.

Кiтапта Жақаңмен көп жылдар бойы қызметтес, әрiптес болған қаламдас достары мен iзiнен ерген iнi-қарындастарының жазушы туралы естен кетпес естелiктерi мен шығармашылық дарыны жайлы сөз етiлген.

ЖЫР ЖИНАҒЫ "АҚТОЛҚЫН"

Жақында "Жанашыр" баспасынан Қытай Халық Республикасынан келген талантты ақын қыз – Ләззат Игiсiннiң Халқаралық "Жанашыр" қорының қолдауымен "Ақтолқын " атты жыр жинағы оқырман қауымға жол тартты.

Ақынның бұл кiтабына алғашқы сырға толы үмiттi өлеңдерi мен кейiнгi кездерi жазылған жан дүниесiнiң жаңаша бұлқыныстарын әдемi ойлармен өрнектеген өлеңдерi енген. Сондай-ақ, мұнда Ләззаттың иманын жырына серiк еткен тағы бiр қырын байқауға болады.

Кiтап көпшiлiк қауымға арналған.

Айжан БОДАУБАЙҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары