451
АЙЛЫҚ ЖАЛАҚЫ 17 ПАЙЫЗҒА ӨСКЕН
АЙЛЫҚ ЖАЛАҚЫ 17 ПАЙЫЗҒА ӨСКЕН
Қазақстанда бiр жылда орташа айлық жалақы 17%-ға өсiп отыр. «2010-шы жылғы қыркүйекте орташа жалақы былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда жоғарғы көрсеткiшке жеткен» дейдi ҚР стаститика агенттiгi.
Нақты жалақының өсуi 9,6 пайызды көрсетiп отыр. Жұмыссыздар саны статагенттiк бағалауынша, 2010-шы жылғы қазанда 484,4 мың адамға жеттi. Жұмыссыздық деңгейi жұмысқа жарамдыларының 5,6%-ын құрады. 2010-шы жылдың қазан айының соңында жұмыспен қамтамасыз ету органдарында жұмыссыздар ретiнде тiркелгендер саны 61 мың адам немесе жұмысқа жарамды халық санының 0,7%-ын құрады. Бағалау бойынша жасырын жұмысыздық деңгейi халықтың 0,4%-ын құрады.
"Түркiстан-ақпарат"