БИIКТЕ САМҒАУҒА АСЫҒЫҢЫЗДАР!

БИIКТЕ САМҒАУҒА АСЫҒЫҢЫЗДАР!

БИIКТЕ САМҒАУҒА  АСЫҒЫҢЫЗДАР!
ашық дереккөзі
399

Жер бетiнде адамдар әртүрлi тағдырмен, әр-түрлi жазмышпен, әртүрлi жағдаймен әртүрлi өмiр сүредi. Алайда, барлық адамзат қауымын бiрiктiретiн үлкен қоғамда олардың барлығы бiрдей, тең құқылы. Тағдыр тауқыметiне қарамастан, қоғам өмiрiмен тығыз байланыста жүрген елiмiздiң мақтаныштарын елге танымал ететiн уақыт келдi. Мiне, осы мақсатта "Бауыржан" қайырымдылық қоры және "Мейiрiм" жеке қоры "ҚазРосГаз" компаниясының қолдауымен мәдениет, спорт, бiлiм және қоғамдық қызметте жетiстiктерге жетiп жүрген дарынды мүгедек жандар үшiн "САМҒАУ" сыйлығын тағайындады.

"Самғау" – қоғамның мәдени өмiрiне қатысып, алға мақсатқа жету жолында аянбай еңбек етiп, Қазақстан Республикасында мәдениет, спорт, бiлiм және қоғамдық қызметте жетiстiкке жеткен мүмкiндiгi шектеулi жандарға арналған сыйлық.

Ендеше, "Бауыржан" қайырымдылық қоры және "Мейiрiм" жеке қоры осы аталмыш марапатқа лайық жандарды iздеудi бастағанын хабардар етедi. Сыйлықтың негiзгi мақсаты – мүгедектердi әлеуметтiк бейiмдеу мен сауықтыру үрдiсiн дамытуға үлес қосу және оларға әртүрлi мүмкiндiктерiн қамтамасыз етудегi құқықтарын қалыптастыру болып табылады.

Сыйлыққа қоғамдық өмiрге белсене араласып, алға қойылған мақсатқа жету жолында жетiстiктерге жетiп жүрген I, II, III топтағы жеке тұлғалар және ұжымдар қатыса алады.

Тапсырыс 2010 жылдың 10-қазанынан – 25- қарашаға дейiн қабылданады.

Жеңiмпаздарды марапаттау рәсiмi 2010 жылдың 3-желтоқсанында Алматы қаласында өтедi.

Толық ақпаратты 8 /727/ 2621611, 3154084 телефондарынан және ofbf@mail.ru электронды мекен-жайы арқылы немесе www.baurzhan.kz сайтынан алуға болады.

Серіктес жаңалықтары