ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖҮЙЕ ЖАЙЫНДА

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖҮЙЕ ЖАЙЫНДА

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖҮЙЕ ЖАЙЫНДА
ашық дереккөзі
474

Ағымдағы жылдың басынан берi денсаулық сақтау жүйесiнде түпкiлiктi нәтижеге бағдарланған қаржыландыру және медициналық қызметтерге ақы төлеу жүйесiн енгiзудi көздейтiн Бiрыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесi құрылды.

Бiрыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесi шеңберiнде медициналық қызмет көрсетудiң бәсекеге қабiлеттi ортасын қалыптастыру; пациенттiң дәрiгердi жөне медициналық ұйымды еркiн таңдауы; көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң айқындылығы; денсаулық сақтау жүйесiнiң түпкiлiктi нәтижеге бағдарлануына бағытталған iс-шаралар жүзеге асырылады.

Бiрыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесi шеңберiнде азаматтарға дәрiгер мен медициналық ұйымды еркiн таңдауды ұсыну көзделген. Бұл медициналық ұйымдардың арасында бәсекелес орта құруға, медициналық ұйымдардың сапалы және қолжетiмдi медициналық көмек көрсетуге уәждемесiн арттыруға мүмкiндiк бередi.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету бойынша аккредиттеуден өткен 838 медициналық ұйыммен, оның iшiнде 103 мемлекеттiк емес денсаулық сақтау секторының ұйымымен шарттар жасалып, нақты шығындар бойынша ақы төлеу жүйесi қалыптасты.

Қазiргi таңда Бiрыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесiнiң дамуымен медициналық қызметтер нарығы кеңейтiлiп, медициналық қызметтердi ұсынатын 30 ұйым өз жұмысын бастады. Олар дербестiкке және түпкiлiктi нәтижеге сараланған ақы төлеудi жетiлдiру үшiн жағдайларға қол жеткiздi. Егер 2010 жылға дейiн жоғары мамандандырылған медициналық көмек ғылыми-зерттеу институттарында, ғылыми орталықтарда, республикалық клиникалар мен Қарағанды және Тараз қалаларының 2 өңiрлiк кардиологиялық орталықтарында көрсетiлген болса, ендi 2010 жылы ғылыми-зерттеу институттар, ғылыми орталықтар, республикалық клиникалар 43, республика өңiрлерiнiң медициналық ұйымдары 37 жаңа халықаралық технологияларды енгiздi.

Бұдан әрi стационарлық көмектiң оңтайландырылған жүйесiн құру, тарифтер мен жан басына шаққандағы норматив теңестiрiледi, түпкiлiктi нәтиже бойынша медицина қызметкерлерiнiң еңбекақысы жетiлдiрiледi және әлеуметтiк бағдарланған медициналық-санитариялық алғашқы көмек үшiн ынталандыру компонентiн енгiзу кезекте тұр. Бұл мiндеттердi 2015 жылға дейiн, яғни Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруды аяқтау мерзiмдерiне дейiн жүзеге асыру көзделедi.

Жаңа жүйенi енгiзу емделген науқастардың санын қаржыландыруды түпкiлiктi нәтижеге бағдарланған тарифтiк саясат және бiрыңғай төлеушi қағидаттарының өзгерiстерiне негiздейдi. Бұл халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыратын тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн қаржыландыруға көшiп, денсаулық сақтау жүйесiн қаржыландырудың жаңа моделiн құруға мүмкiндiк бердi.

Қанат ЕРМЕКБАЕВ, ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi

Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетiнiң төрағасы

Серіктес жаңалықтары