"ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТI ЖАЛПЫ ТҮРКI ӘЛЕМIНЕ ҚАЖЕТ"

"ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТI ЖАЛПЫ ТҮРКI ӘЛЕМIНЕ ҚАЖЕТ"

"ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТI ЖАЛПЫ ТҮРКI ӘЛЕМIНЕ ҚАЖЕТ"
ашық дереккөзі
505

28 қазан күнi Алматыдағы "Астана интеротель" қонақүйiнiң "Құрылтай" залында "Қазақтардың этникалық мәдениетi: дәстүр, трансформация және заманауи процестер" деген тақырыпта конференция өттi. Қазақстандағы тәуелсiз және мемлекеттiк ғылыми-зерттеу және аналитикалық құрылымдарының өкiлдерi, мәдениеттанушы, тарихшы, этнолог, тiлтанушы, саясаттанушы, шығыстанушы сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары мен үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi қатысқан жиынды "Аспект-М" әлеуметтiк-гуманитарлық зерттеулер орталығы ұйымдастырды. Конференцияда тарих ғылымдарының докторы, этнокультуролог Ш.Ж.Тоқтабаева, Түркi халықтарының мәдениет қорының президентi Ахмет Дағдұран, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Философия және саясаттану институтының теориялық және қолданбалы саясаттану бөлiмiнiң меңгерушiсi Р.Қ.Қадыржанов, ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Философия және саясаттану институтының аға ғылыми қызметкерi, саясаттану ғылымдарының кандидаты М.М.Омаров, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетiнiң Телевидение және радио кафедрасының меңгерушiсi Г.С.Солтанбаева баяндама жасады.

Түркi халықтарының мәдениет қорының президентi Ахмет Дағдұран өз баяндамасында ұлттық мәдениеттi сақтау мен дамыту бағытында ең алдымен қазақтардың өздерi және қазақ қоғамы күш бiрiктiруi қажет екенiн атап көрсеттi. Сондай-ақ, ол қазақтың дәстүрлi мәдениетi тек қазақ халқы үшiн ғана емес, жалпы түркi халықтары үшiн маңызды екенiн алға тартты. "Өйткенi, оның жалпы түркi халықтарына ортақ мәдениеттiң бастауларына ұқсас екендiгi мәлiм. Қазiргi қазақ тiлiнiң 90 пайызы ежелгi түркi кезеңiндегi руникалық жазуларға келедi. Түркi әлемiндегi барлық заманауи тiлдер Орхон-Енисей жазбаларынан өте қатты алыстап кеткен, оған тек қазақ тiлi ғана жақын. Бұл қазақтың тiлi мен мәдениетiнiң арғы бабаларымыздан, яғни сақтардан, ғұндардан, түркiлерден қалған бай мәдени мұраны бойында сақтап қалғанын аңғартады. Сондықтан, құрметтi бауырлар, қазақтың тiлi мен мәдениетi сiздерге қажет болмаса да, жалпы түркi әлемiне аса қажет. Бұл асыра айтылған сөз емес", – дедi А.Дағдұран.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары