ЖАҢА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫ

ЖАҢА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫ

ЖАҢА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫ
ашық дереккөзі
256

Инвесторлар 385 жоба ұсынуда

Жаңа индустрияландыру саясаты өрiс алып келедi. Жыл басында ұйымдастырылған телекөпiрде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 72 өндiрiс орны ашылғаны есiмiзде. Жыл аяғына дейiн тағы да осыншалық зауыт-фабрикалардың салынуы жоспарда тұрған. Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне инвесторлар мен кәсiпкерлерден түскен түрлi саладағы ұсыныстардың ұзын саны 385-ке жетiптi. Осы орайда аталмыш министрлiкте “Индустриялық саясаты туралы" жаңа Заң әзiрленуде. “Ол Ұлт көшбасшысы жариялаған Жаңа индустрияландыру стратегиясын табысты iске асыруға заңнамалық жағдайлар туғызады" дейдi Заң жобасын әзiрлеушiлер.

Индустрияландыру картасы аясында қаралған 385 жобаның iшiнен 237 жоба iрiктелiп алынды. Жалпы құны – 7,26 триллион теңге қарастырылған екен. Бұл ауқымды жобаны жүзеге асыруда екi жүз қырық мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақшы. Ал олардың құрылысына жүз елу мыңнан астам жұмысшы тартылады деген жоспар бар. Бұдан кейiн де 90 мыңға жуық адам осынау өндiрiс орындарына тұрақты жұмысқа орналасады. Бұл мәселенi реттеу екi министрлiк – Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң басшысы Гүлшара Әбдiхалықова мен Бiлiм және ғылым министрлiгi басшысы Бақытжан Жұмағұловқа табысталып отыр.

Алда бой көтеретiн өндiрiс нысандарының пайдасы әуелi ауыл тұрғындарына тиюi тиiс. Себебi бұл жобалардың басым бөлiгi агроөнеркәсiп саласына тиесiлi. Сөйтiп индустрияландыру саясатының 54 жобасы агроөнеркәсiпке тиесiлi екен. Ал қалған 37 жоба – металлургия, 34 – құрылыс индустриясы, 27 – химия және фармацевтика, 21 – энергетика, 19 – машина жасау, 18 – мұнайды қайта өңдеу саласына берiлген. Бұл аз десеңiз, iрi инфрақұрылымдық 14 жобаның өмiрге келуi алыс емес. Жыл басында құрылған 72 инвестициялық жобаның жалпы құны 381 миллиард теңге болатын. Ашылған өндiрiс орындарының арқасында 12 мың адам жұмыспен қамтылды. Жыл соңына белгiленген жаңа 80 жобаның ашылу салтанаты 20-желтоқсанға белгiлендi.

А. Бейiмбет

Серіктес жаңалықтары