МЕТРО – ТӘУЕЛСIЗДIКТIҢ 20-ЖЫЛДЫҒЫНДА АШЫЛАДЫ

МЕТРО – ТӘУЕЛСIЗДIКТIҢ 20-ЖЫЛДЫҒЫНДА АШЫЛАДЫ

МЕТРО – ТӘУЕЛСIЗДIКТIҢ 20-ЖЫЛДЫҒЫНДА АШЫЛАДЫ
ашық дереккөзі
172

Өткен аптада елiмiздегi тұңғыш метро бекеттерiнiң жұмыс барысы тексерiлдi. Алдын-ала олқылықтарды тексеру үшiн Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмов метроға түсiп, тестiлiк вагондардың бiрiмен Алатау бекетiнен Алмалы бекетiне дейiн барды.

Республикадағы iрi мегаполис – Алматы қаласындағы метроның құрылысы басталғанына 20 жылдан асты. 1988 жылы салына бастаған метро құрылысы КСРО құлағаннан кейiн бiрнеше рет тоқтап қалған едi. "Алматыметроқұрылыс" депосына барған қала әкiмi құрылыстың белгiленген уақытта бiтетiнiн нақтылап айтты. Жалпы құрылысы ұзаққа созылған метроға қолы жетпей отырған қала халқының саны басым. Қашықтығы 8,5 шақырымды құрайтын метро күнiне 300 мың жолаушыны таси алады екен. Ал жылына 110 миллион жолаушыны көздеген межесiне жеткiзе алады.

– Метро құрылысы белгiленген график бойынша жұмыс iстеп жатыр. Ендеше, 2011 жылдың 16 желтоқсанында – айтулы мерекеге орай метроны iске қосамыз, – дедi А.Есiмов.

Метроға бөлiнiп отырған қаржыда есеп жоқ десек болады. Құрылысты тоқтатпау үшiн биыл үкiметтен 10,5 миллиард теңге бөлiнген. Ал 2011 жылдың жобалық шығындарына 24 миллиард теңге жоспарланып отыр.

Келесi жылдың бiрiншi жартыжылдығында өңдеу жұмыстары жүргiзiледi. Ал жыл соңына дейiн эскалаторлар қойылады деп жоспарлануда. Бүгiнде рельстердi қою және қозғалмалы составты тексеру жұмыстары басталып кеттi.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары