"ЖАРМАҚ" "ҚАЗАҚТА" ЖАРИЯЛАНДЫ

"ЖАРМАҚ" "ҚАЗАҚТА" ЖАРИЯЛАНДЫ

"ЖАРМАҚ" "ҚАЗАҚТА" ЖАРИЯЛАНДЫ
ашық дереккөзі
328

Былтырдан берi Мемлекеттiк тiлдi қолдаудың Президенттiк қорының қолдауымен "Қазақ" альманағының жарық көрiп келе жатқаны белгiлi. Екi жылға жуық уақыт оқырманымен қауышып келе жатқан альманахтың өзге басылымдардан ерекшелiгi – онда күнi бүгiнге дейiн шешiлмеген қазақ мұңы, қазақ мұраты, қазақ идеясы айтылады.

Әрi осы тақырыптағы орыс тiлiндегi мақалалар тiзбегi де берiлiп келдi. Өйткенi, қазақ ойын, қазақ мұратын бүгiнгiдей қос тiлдi қоғамда қазақ тiлiмен шектеп қоюға болмайтындығы түсiнiктi.

Бүгiнде "Қазақ" альманағының былтырдан берi 8, биыл 4 саны жарық көрiп үлгердi. Осы төртiншi санында "Қазақ мұңы" айдарымен заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Мағауиннiң Чехия астанасы Прагада жарық көрген "Жармақ" романы толығымен басылған екен. "Жармақ" романының атағы аспандап тұрғанымен, оқырман көпшiлiкке бiрдей жете бермегенi айқын. Бiрiншiден, кiтаптың таралымы тым аз болды. Екiншiден, ол Қазақстанның кiтап сөрелерiне түсе қойған жоқ. Сол себептi де, "Қазақ" альманағында "Жармақ" романының толығымен жарық көруi – оқушы көпшiлiктiң бұл тың туындыға қол жеткiзу мүмкiндiгiн кеңейте түсерi сөзсiз. "Қазақ" альманағының таралымы – 1000 дана.

Серіктес жаңалықтары