ҚАЛАМГЕРДIҢ КӨПТОМДЫҒЫ

ҚАЛАМГЕРДIҢ КӨПТОМДЫҒЫ

ҚАЛАМГЕРДIҢ КӨПТОМДЫҒЫ
ашық дереккөзі
251

Бүгiнде белгiлi жазушы, шайыр, сыншы, Бег. АЛДАМЖАРдың шығармалар жинағының көп томдығын өзiнiң шағын баспаханасында басып шығара бастағаны әдеби қауымға белгiлi. Ол жақында көптомдығының алғашқы 20 томын, таңдамалы өлеңдерiнiң екi томдығы мен төрт кiтапты роман-эпопеясы "Ұлы селдiң" жеке шығарылған төртомдығын басып шығарды.

Оның көптомдығының 1-4 томдарына бес жүзден аса өлеңi мен он шақты дастаны, 5-6 томдарға "Қара нөсер" романы, 7 томға "Жықпыл" романы енген. Ал жазушының көп жылғы еңбегiнiң жемiсi, "Жазушы" баспасынан алғашқы екi кiтабы 1988 және 1992 жылдары 60 мың данамен жарық көрген төрттомдық "Ұлы сел" роман-эпопеясы 8-11 томдарды алып жатыр.

Қаламгердiң 12-14 томдарына әр жылы жазған әңгiмелерi мен хикаялары енген. Ал 15-16 томдарда сын жанрында көптен берi қатар жұмыс iстеп келе жатқан автордың қазақ өлең мен қарасөзiнiң, әдебиет теориясының өзектi мәселелерiн қозғаған, соңғы жылдары қызу пiкiр тудырған, әсерi әлi де өше қоймаған атышулы мақалалары мен философиялық рисәлә-трактаттары, эсселерi жарық көрген.

17-20 томдарда шайырдың жалпы көлемi 10 мың, 40 мың жол рубаййы жарық көрiп отыр. Онда шайыр өмiрдiң негiзгi мәселелерi жайлы ой толғайды.

Қазiр жазушы көптомдығының келесi кiтаптарын дайындау үстiнде.

Серіктес жаңалықтары