ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРI

ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРI

ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРI
ашық дереккөзі
460

Өткен аптада Астана қаласында "Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң, мемлекеттiк органдардың және азаматтық сектордың арасындағы өзара әрекеттесудiң өзектi мәселелерi" атты конференция ұйымдастырылды. Адам құқығы жөнiндегi Дания институтымен бiрлесе өткен шара ЕҚЫҰ саммитiне дайындық шеңберiнде жүзеге асуда.

Аталмыш iс-шара барысында Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiк туралы заңнаманың қазiргi жағдайы мен оның даму мәселелерi, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың үкiметтiк емес ұйымдармен бiрлесе отырып азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытында атқарған шаралары талқыға салынды.

"ЕҚЫҰ жұмысының негiзгi бағытын қамтитын үш себетiнiң аясында мемлекеттiк органдар мен азаматтық сектордың өзара әрекеттесуiне көбiрек маңыз берiледi. Бұл ретте конференция жұмысында мемлекеттiк органдардың үкiметтiк емес ұйымдармен өзара әрекеттесуiнiң тиiмдiлiгiн ғана сөз етiп қоймай, мұндай байланысты одан әрi дамыту жолдарын да талқылайтын боламыз", – дедi ҚР Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл Асқар Шәкiров.

Екiншi бөлiмде Ұлттық құқық жайы қарастырылды. Конференция жұмысына ҚР Конституциялық Кеңесiнiң мүшелерi, Парламент депутаттары, ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң, мемлекеттiк органдардың, халықаралық және үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi мен адам құқықтары жөнiндегi халықаралық сарапшылар қатысты.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары