ҚАЗАҚСТАН ПАРЛАМЕНТШIЛЕРI ИТАЛИЯДАН ОРАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН ПАРЛАМЕНТШIЛЕРI ИТАЛИЯДАН ОРАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН ПАРЛАМЕНТШIЛЕРI ИТАЛИЯДАН ОРАЛДЫ
ашық дереккөзі
449

Қазақстан парламентшiлерi Италиядан оралды. Олар Палермо қаласында өткен Еуропадағы Қауiпсiздiк және Ынтымақтастық Ұйымы Парламенттiк Ассамблеясының күзгi сессиясына қатысқан болатын. Қазақстанның ресми делегациясының құрамында ЕҚЫҰ ПА-ның Жалпы комитетiнiң мүшелерi, Қазақстан Парламентiнiң депутаттары Қуаныш Сұлтанов, Әмзебек Жолшыбеков, Әдiл Ахметов, Светлана Бычкова, Бақберген Досманбетов, Төлебек Қосмамбетов бар.

Парламенттiк Ассамблеяның күзгi сессиясының алғашқы күнiнде ЕҚЫҰ ПА-ның Жерорта теңiздiк форумы ұйымдастырылып, оны Ұйым президентi П.Эфтимиоу мен Сицилия аймақтық ассамблея төрағасы Ф. Каскио сөз сөйлеп ашты. Сонымен қатар форумда "Жерорта теңiзi бассейнiндегi экономика және инфрақұрлым саласындағы ынтымақтастық", "Жерорта теңiзi жаһандануындағы Мәдениет пен қоршаған ортаны қорғау мәселелерiндегi ынтымақтастық", "Трансұлттық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемасы" тақырыбындағы мәселелер қаралып, талқыға салынды.

Аталған сессия жұмысында ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң Халықаралық iстер, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетi төрағасы Әмзебек Жолшыбеков iшкi тұрақтылық пен келiсiмдi қалыптастыра алған Қазақ елiнiң оң тәжiрибесi қазiр ЕҚЫҰ-ның өзге мемлекеттерiне үлгi болғанын айта келе, әлем назары 2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Астана қаласында ЕҚЫҰ-ға мүше 56 елдiң мемлекет басшыларының қатысуымен өткiзiлетiн ЕҚЫҰ Саммитiне аса көңiл бөлiп отырғанына тоқталды. Қазақстан өзiнiң әлемдiк аренада өсiп отырған беделiн және посткеңестiк елдермен арадағы саяси байланысын пайдалана отырып, Астана Саммитi аясында ЕҚЫҰ-ны әрi қарай дамытудың стратегиялық бағдарларын нақтылап, "жол картасын" жасауға шақыратынын айтты. Осындай жоғары деңгейдегi басқосу Ұйымның жаңа жағдайларға бейiмделуiн және әлемдiк қауымдастықтағы "Хельсинкиден Астанаға дейiнгi" сәттi даму кезеңiне қол жеткiзедi деп күтiлуде.

2010 жылы ЕҚЫҰ барлық үш өлшемi бойынша Еуропа мен Еуразияда қауiпсiздiк пен ынтымақтастықты нығайтуға нақты үлес қосып, жиырма бiрiншi ғасырда Ұйымның рөлiн арттыруға мүмкiндiк беретiн және бұл мәселелердi шешуде ЕҚЫҰ ПА-ның да орасан үлесi бар екенiн атап көрсете келе, осындай жауапты мүмкiндiктi пайдалана отырып, күзгi сессия жұмысына қатысушыларды алдағы желтоқсан айында Астанада өтетiн ЕҚЫҰ саммитiне дайындық жұмыстары барысымен таныстырды. Сессия жұмысына қатысушы Парламенттiк Ассамблея Ұйымына қатысушы-мемлекет өкiлдерiн Астана қаласында өтетiн ЕҚЫҰ Саммитi жұмысы табысты өту үшiн оның жоғары дәрежеде ұйымдастырылуына атсалысуға шақырады.

«Түркiстан ақпарат»

Серіктес жаңалықтары