АЛАШТЫҢ АЛТЫН ЖҮРЕГI

АЛАШТЫҢ АЛТЫН ЖҮРЕГI

АЛАШТЫҢ АЛТЫН ЖҮРЕГI
ашық дереккөзі
187

Астанада "Алтын жүрек" сыйлығы табысталады

Қайырымдылық жасаушы азаматтардың еңбегiн бағалап, жыл сайын марапаттайтын "Бауыржан" қоғамдық" қайырымдылық қорының "Алтын жүрек" сыйлығы биыл төртiншi рет табыс етiлмек. Дәстүрлi сыйлық тапсыру салтанаты Астана қаласында өтпекшi, бұл туралы сейсенбiде өткен баспасөз конференциясында мәлiм болды.

Жыл сайын қайырымдылық көрсетiп, қол ұшын созған адамдарға "Алтын жүрек" сыйлығы дәстүрлi түрде ұсынылып келедi. "Алтын жүрек" сыйлығының ұйымдастыру комитетiнiң төрайымы Жұлдыз Омарбекованың айтуынша, биыл 400-ден астам ұсыныс түсiп, олардың 120-сы таңдалып алынған. Қазақстандағы қайырымдылықты дамытуға бағытталған сыйлық қазақ азаматтарын қайырымдылықпен айналысуға ынталандырса керек. Үлкен кәсiпорындарға қарағанда, жекелеген кәсiпкерлер қайырымдылыққа көп көңiл бөлiп, қомақты қаражат бөлетiн көрiнедi. Сондай-ақ, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созушылар легi негiзiнен қаржы орталықтары Алматы, Астана қалаларында емес, керiсiнше алыс аймақтар Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында көптеп кездеседi.

– Бұрындары қайырымдылық дегендi қазақ азаматтары тек мүгедек және жетiм балаларға көмек деп түсiнетiн. Қазiр мұндай көзқарастан өстiк деп айтсақ болады, себебi қайырымдылықты кез келген сала түрiне жасауға болады. Назар аударсаңыздар, бiздiң сыйлықтар бiлiмдi дамыту үшiн қосқан үлесi, спортқа және өнерге қолдау көрсеткенi үшiн берiледi. Биыл бiлiм саласы бойынша ұсыныстар өте көп болды, – дейдi Жұлдыз Омарбекова. Қайырымдылық ұғымын кең мағынада түсiнбеушiлiк қате ұғымдарға алып келедi. Мәселен, әншiлер көп жағдайда қала күнi, болмаса басқа мерекелерде алаңда ән шырқаса, соны қайырымдылық деп түсiнетiн көрiнедi дейдi ұйымдастырушылар. Қанатын кеңге жайған қор "Қазақ даласының алтын жүректi азаматтары" атты жинақты дайындап отыр. Бұл басылымға әр жылдары лауреат атанған азаматтар кiргiзiледi.

Қайырымдылық көрсету жағынан елiмiз 120 орында тұрған көрiнедi.

Бүгiнде барлық үмiткерлер тiзiмi белгiленiп, жуық арада жария етiледi.

"Бауыржан" қоры алда "Алтын жүрек" сыйлығынан басқа, мүмкiндiгi шектеулi жандардың шығармашылығына арналған "Самғау" қаржылай сыйлығын ұсынбақшы.

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары