МЕМЛЕКЕТТIК АЙЫПТАУШЫНЫҢ БИIК БЕДЕЛI

МЕМЛЕКЕТТIК АЙЫПТАУШЫНЫҢ БИIК БЕДЕЛI

МЕМЛЕКЕТТIК АЙЫПТАУШЫНЫҢ БИIК БЕДЕЛI
ашық дереккөзі
361

Мемлекеттiк айыптаушылардың кәсiби бiлiктiлiктерiн арттыру мен сотта айыптауды қолдау сапасына жауапкершiлiктi күшейту үшiн Қарағанды облысының қала және аудан прокуратураларының қылмыстық iстер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалайтын қызметкерлерi арасында жыл сайын "Мемлекеттiк айыптаушының ең үздiк сөзi" байқауы жалғасып келедi.

Негiзiнен алғанда ҚР Конституциясы прокурорға қылмыстық қудалауды жүзеге асыру және сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiру мiндеттерiн жүктейдi. Бүгiнде мемлекеттiк айыптауды қолдаудың маңызы артып, прокурорлық қадағалаудың басым бағыттарының бiрi болып отыр. Себебi, мемлекеттiк айыптаушы сөзiмен сот тергеуiнiң нәтижесi шығарылады. Өз iсiнде шебер болып, өзi таққан айыпты сапалы және ешқандай бұрмалаусыз қолдап, олай болмаған жағдайда одан негiздi түрде бас тарта бiлуi керек. Сондай-ақ, соттың заңды және әдiл үкiм шығаруына белсендi жәрдемдесуi қажет. Ал прокурордың сауатты, дәлелдi сөзi прокуратура органдарының беделiн көтерумен қатар, сотқа деген сенiмдi нығайтады. Осыған байланысты, Қарағандыда жыл басынан берi прокуратураның тәжiрибелi қызметкерлерi арасында облыс прокуратурасында құрылған конкурс комиссиясы байқаудың қорытындысын шығарды.

Қала және аудан прокурорлары арасында Октябрь ауданының прокуроры Марат Ақыловтың сөзi екiншi жыл қатарынан үздiк болса, прокурор орынбасарлары арасында Сәтпаев қаласы прокурорының орынбасары Алмас Айтбековтың сөзi үздiк шықты. Тәжiрибелi қызметкерлер арасынан Октябрь ауданы прокурорының көмекшiсi Дана Темiрова, ал жас мамандар iшiнде Темiртау қаласы прокурорының көмекшiсi Самал Әрiнова ерекшелендi. Сондай-ақ, мемлекеттiк тiлдегi ең үздiк сөздi Ақтоғай ауданы прокурорының көмекшiсi Айдос Ерғалы дайындады. Байқауға ұзақ уақыттан берi белсендi қатысып, арнайы номинация бойынша бiрнеше рет жеңiмпаз атанған Абай ауданы прокурорының аға көмекшiсi Светлана Живаева 2010 жылдың ең үздiк мемлекеттiк айыптаушысы болып танылды.

Жан КЕЛДИЕВ

Серіктес жаңалықтары