СӘТТI СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

СӘТТI СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

СӘТТI СЕМИНАР-ТРЕНИНГ
ашық дереккөзі
264

"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясы қызметiнiң басымды бағыттарының бiрi – халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiн жетiлдiру мәселесi болып табылады. Осы орайда, партия халықтың әлеуметтiк осал жiктерiмен жұмыс iстейтiн ҮЕҰ психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған бiрқатар iс-шараларын ұйымдастыру туралы "Ic company" психоанализ мен психотерапия орталығының бастамасын қолдады.

"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалында 14 қазанда халықтың әлеуметтiк осал жiктерiмен өзара iс-әрекет етуге бағытталған Алматы қаласының үкiметтiк емес ұйымдарының басшылары және қызметкерлерiмен семинар-тренинг өттi.

Осы семинар-тренингтiң мақсаты кәсiптiк сипатта туындайтын психологиялық проблемаларына қоғамдастықтардың назарын аудару болып табылады. Қызметтерi халықтың әлеуметтiк осал жiктерiмен (зейнеткерлер, iсiк ауруларымен ауыратындар, мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын тартып жүрген, есiрiткi мен алкогольге тәуелдi тұлғалар және т.б.) өзара iс-әрекет етуге бағытталған қызметкерлер психологиялық климаты жайсыз жағдайда жұмыс iстейдi. Күн сайынғы және бiрсарынды, адамнан үлкен шыдамдылықты талап ететiн жұмыс "эмоциялық жану синдромына" және олар үшiн қобалжудан туындайтын басқа да эмоциялық зақымдарға әкеп соқтырады. Осыған байланысты мұндай құбылыстардың алдын алу және болдырмаудың алар орны зор.

Осы семинар аясында атқарып отырған жұмыстары жоғары стреске бейiм тұлғалар үшiн қысқа лекциялар, реллакс-тренингтер, эмоциялық жай-күйiн бақылау бойынша тренингтер, рольдiк ойындар, пiкiрсайыстар және стрестiк халге ұшырағандарға және олармен жұмыс iстейтiн тұлғаларға психологиялық көмек көрсету бағытында басқа да интерактивтiк әдiстер өткiзiлдi.

Семинар-тренингтiң ұйымдастырушылары — "Нұр Отан" партиясының Орталық аппараты, Алматы қалалық партия филиалы, "Ic company" психоанализ мен психотерапия орталығы (Алматы қаласы).

Астана қаласында "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясының Орталық аппаратында ағымдағы жылғы шiлде айында осындай iс-шара өткiзiлiп, мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдар оң баға берген болатын.

«Түркiстан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары