ҚАЗАҚСТАН МЕН ТӘЖIКСТАН СТУДЕНТТЕРIНIҢ БАЙЛАНЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ТӘЖIКСТАН СТУДЕНТТЕРIНIҢ БАЙЛАНЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ТӘЖIКСТАН СТУДЕНТТЕРIНIҢ БАЙЛАНЫСЫ
ашық дереккөзі
230

Тәжiкстанның астанасы Душанбеде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi түлектерiнiң Қауымдастық филиалы құрылды.

Қауымдастықтың ашылу салтанатында филология ғылымдарының докторы, профессор Әбдусаттар Нұралиев басшы болып тағайындалды. Ол ҚазМУ-дың журналистика факультетiнде оқып жүрiп, қазақ бөлiмiнде топ басшысы болды. Сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан Әбдусаттар Нұралиев Тәжiкстанның өтiнiшi бойынша, 1968 жылы педагогикалық бағыттағы қызметке және журналистика факультетiн ашуға шақырылған болатын. Содан берi өмiрi тәжiк елiмен тығыз байланысты болса да, Қазақстаннан бiр сәт те қол үзген емес. Бүгiнде "Тәжiкстан-Қазақстан" достық қоғамын құрып, басқарып отыр. Ол Ұлы Абай шығармаларының тәжiк тiлiне аударылуына да үлкен үлес қосып, "Абай және тәжiк әдебиетi" атты еңбек жазып шықты.

Тәжiкстандағы ҚазҰУ түлектерi Қауымдастығы алдағы уақытта Бүкiләлемдiк қазақтар қауымдастығы және жергiлiктi "Бәйтерек" қоғамымен бiрлескен ғылыми конференция өткiзу, сондай-ақ Қазақстанның Тәжiкстандағы елшiлiгi Тәуелсiздiгiмiздiң 20 жылдығына орай Тәжiкстандағы қазақ диаспорасы туралы кiтап шығаруды қолға алып отыр.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары