2298
БАТЫР БАУЫРЖАННЫҢ БАТАСЫ
БАТЫР БАУЫРЖАННЫҢ БАТАСЫ
Жуырда халқымыздың ардагер ұлы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойы Жамбыл облысының Тараз қаласында, Батырдың туған жерi Жуалы ауданында кеңiнен аталып өттi. Ол өткен ғасырдағы екiншi дүниежүзiлiк соғыста батырлығымен ғана танылып қойған жоқ, соғыстан кейiнгi бейбiт өмiрде ұлттық әдебиетiмiзге соғыс тақырыбында көркем әрi деректi туындыларын алып келдi. Батырдың ұлағатты сөздерi де аз емес. Қазiр ел аузында жиi-жиi айтылып жүр. Сондай-ақ, ұрпаққа өсиет болып қалған тәрбиелiк мәнi зор БАТАЛАРЫ да халқымыздың асыл мұраларының қатарынан орын алады.
Бауыржан МОМЫШҰЛЫЕ, жаратушы жасаған!
Тiлегiмiздi қабыл ет. Иманымызды кәмiл ет. Тозақтағы оттан сақта, Қаңғыған оқтан сақта. Парақор соттан сақта. Кiрлi сумен жуыстан сақта, Қара жүрек батылдан сақта, Дәйексiз тiл тақылдан сақта. Адалдықты арбаған ақыннан сақта. Ашу жеңген ақылдан сақта. Қайырымсыз жақыннан сақта. Адамды қадiрлемес есерден сақта. Нанды басқан кесiрден сақта. Қате iсiне қиналмас Көк долы қатыннан сақта. Халықты зәбiрлер бастықтан сақта. Жақынға жала жабатын Қанқұйлы қастықтан сақта, Сырты сұлу, iшi кiр, Қадiр бiлмес пасықтан сақта. Өз пiкiрi татымсыз, Кiсi ақылымен күн көрер, Татымы жоқ жасықтан сақта. Несiбе кесер кесiрден сақта, Некесiз бала табатын, Жолы лас жесiрден сақта. Кеудесiн керген келiннен сақта, Татымсыз тұзыңнан сақта, Ұятсыз қызыңнан сақта, Мезгiлсiз келген өлiмнен сақта. Жалқау бала намыссыз, Ождан жоқ ұлдан сақта. Түнере атқан таңнан сақта, Жаңбыры жоқ шаңнан сақта. Әкiмiнде шапағат жоқ, Әдiлдiкте шарапат жоқ, Молдасында шариғат жоқ, Байларында салауат жоқ, Кедейiнде қанағат жоқ, Кiшiсiнде инабат жоқ, Азаматында ар-ұят жоқ, Көршiсiнде қошамет жоқ, Қариясында бата жоқ, Құр айқай, шат-шәлекей даңнан сақта. Е, жаратушы жасаған! Өмiр берсең, жайлы ғып бер. Дәулетi мен байлығын бер. Еңбегiмiз өңiстi болсын, Қамбамыз астыққа толсын. Көсегемiз көркейiп, Мыңғырған мал өрiске толсын. Қарияны кемел, сыпайы ғып бер. Апаларды мейiрлi ғып бер. Жезделердi зейiндi ғып бер. Құдағиды кеңпейiлдi ғып бер, Қарындасты көрiктi ғып бер, Iнiлердi бөрiктi ғып бер. Әйелдi ақ некелi ғып бер, Баланы қаны толық, шекелi ғып бер. Жиендердi жетелi ғып бер, Екi айтпайтын еселi ғып бер. Келiндердi келiстi ғып бер, Қыздарды бақытымен Ұрпағы көп өрiстi ғып бер. Аттарды желiстi ғып бер. Төскейде төл көбейсiн, Жайқалтып дала егiстi ғып бер. Дәнi толық өңiстi ғып бер. Ұрпақтарды намысты ғып бер, Тұлпарларды шабысты ғып бер. Жомарт болсаң, Жасаған! Айтқанымның барлығын, Ағайынды ақаусыз, Өнегелi өмiрмен тату-тәттi, Табысты ғып бер!