"ҚАЗАҚ РАДИОСЫНЫҢ – 90 ЖЫЛДЫҒЫ" АТТЫ МҮШӘЙРА ӨТЕДI

"ҚАЗАҚ РАДИОСЫНЫҢ – 90 ЖЫЛДЫҒЫ" АТТЫ МҮШӘЙРА ӨТЕДI

"ҚАЗАҚ РАДИОСЫНЫҢ – 90 ЖЫЛДЫҒЫ" АТТЫ МҮШӘЙРА ӨТЕДI
ашық дереккөзі
192

Қазақ радиосы мен "Заңғар" шығармашылық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен "Қазақ радиосының — 90 жылдығының" аясында өтетiн "Тәуелсiз елдiң жастары жырлайды" атты жас ақындардың жыр мүшәйрасын өткiзедi.

Мүшәйраның мақсаты — қазақ жастары арасында отансүйгiштiктi кеңiнен насихаттау, өскелең ұрпақтың өн-бойына ұлттық рухты сiңiруге, тәуелсiздiктi терең сезiнуге және Қазақстанның мерейiн арттыруға әсер ету.

Жас дарындарды анықтау арқылы олардың шығармаларын ел аумағында насихаттау – мүшәйраның көздеген мiндеттерiнiң бiрi.

Мүшәйраға 18-30 жасқа дейiнгi жас ақындар қатыса алады. Ол үшiн автордың шығармасы еш жерде жарияланбаған болу керек. Сондай-ақ, бiр ақынға үш өлеңмен қатысуға болады. Бiрiншi өлеңi — "Қазақ радиосының — 90 жылдығына" арналуы керек (мiндеттi); екiншi өлеңi — "Тәуелсiздiктiң — 20 жылдығы" тақырыбында; үшiншi өлеңi — әзiл-қалжыңды өлең болуы қажет. Мүшәйраға қатысушыларға қойылатын алғышарттар: бiрiншi, өзiң жайлы нақты ақпарат (жiберiлетiн өлең мәтiнiнiң астына автордың толық аты-жөнi, өмiрбаяны, байланыс телефондары, тұрғылықты мекен-жайы көрсетiлуi шарт), екiншi кәсiби деңгейде түскен 10х15 фотосуретi жiберiлуi тиiс.

Мүшәйра жеңiмпаздарына үш дәреже бойынша жүлде тағайындалады. Сол сияқты лауреаттық дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ең бастысы, үздiк шыққан шығармалар "Қазақ радиосының — 90 жылдығына" арналған "Тәуелсiз елдiң жастары жырлайды" атты жас ақындардың кiтабына енедi. Ақындар өлеңдерiн "Мүшәйраға" деген атпен 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейiн мына мекен-жайға жiбере алады.

Алматы қаласы, Достық даңғылы 114-үй, 154-бөлме. Байланыс телефоны: 8(727) 264-25-94. Өлеңдердi kazradio_zangar@mail.ru электрондық поштасына жiберуге болады.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары