ҰШУ КЕСТЕСIНДЕГI ӨЗГЕРIСТЕР

ҰШУ КЕСТЕСIНДЕГI ӨЗГЕРIСТЕР

ҰШУ КЕСТЕСIНДЕГI ӨЗГЕРIСТЕР
ашық дереккөзі
320

"Эйр Астана" әуекомпаниясы Астана-Орал-Астана және Алматы-Орал-Алматы бағыттарында ұшақтардың ауыстырылуына байланысты ұшулар кестесiнiң өзгергендiгi туралы хабарлайды.

2010 жылдың 23 қыркүйегiнен 30 қазанға дейiн Алматыдан Оралға "Эйрбас А319/А320" орнына "Боинг 757" ұшағы дүйсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма және сенбi күндерi қатынайды. Ұшу уақыты өзгермейдi. Ал жексенбi күнi рейстер орындалмайды. Ал Астанадан Оралға "Эйрбас А319" орнына "Фоккер 50" ұшағы сейсенбi күндерi жергiлiктi уақыт бойынша сағат 19.30, керi бағытта сағат 03.20 және бейсенбi күндерi сағат 18.30, керi бағытта сағат 02.20 рейстер орындайды.

Компания қызметкерлерi мұндай өзгертулерге Орал қаласындағы әуежайдың ұшу-қону алқабының жайына баға берген ҚР Азаматтық авиациясы Комиссиясының нәтижелерi себеп болды дейдi. ҚР ААК тапсырысы бойыша алқап тиiстi жөндеуден өткенше 2010 жылдың 20 қыркүйегiнен бастап Орал қаласының әуежайында ұшу массасы бойынша 27 бiрлiктен асатын квалификациялық саны (ACN) бар әуе кемелерi ұшуларын шектеу және осы шектеуге байланысты тиiстi шаралар қабылдау қажет. Сондықтан "Эйр Астана" әуекомпаниясы осы ұйғарымды басшылыққа алып, ұшақтарды ауыстыруға мәжбүр болды. Дегенмен, жолаушылардың қолайсыздығын азайту мақсатында "Боинг 757" ұшағы Алматыдан Оралға қатынайтын болады және сұранысты қанағаттандыра алады.

Орал қаласындағы әуежайды тексеру 2010 жылы 8 қыркүйектегi Мәжiлiстiң кезектi отырысында Аманжан Жамалов депутаттық сауалынан кейiн өткiзiлген. Комиссия жұмысында мемлекеттiк құрылымдар өкiлдерiнен басқа "Эйр Астана" және "Скат" әуекомпаниялары қатысқан. Компания өз кезiгiнде келтiрiлген ыңғайсыздықтар үшiн өз жолаушыларынан кешiрiм сұрайды.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары