ҮЗДIКТЕР ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТТI ТАҢДАЙДЫ

ҮЗДIКТЕР ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТТI ТАҢДАЙДЫ

ҮЗДIКТЕР ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТТI ТАҢДАЙДЫ
ашық дереккөзі
355

3200 мемлекеттiк бiлiм грантын жеңiп алып, биылғы жылдың қабылдау компаниясының көшбасшысы атанған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi өткен жұма күнi 1-курс студенттерiн салтанатты түрде қабылдап алды.

700-ден аса "Алтын белгi", 100-ден аса халықаралық және республикалық спорт жарыстарының жеңiмпаздары Ұлттық университетiмiздiң "элиталы гвардиясын" құрап отыр.

Салтанатты кеште студенттерге студенттiк билет пен бiлiм кiлтi табыс етiлдi.

Бұдан соң Германия, Испания, Мәскеуде өткен халықаралық байқаулардың жеңiмпазы, орындау шеберлiгi бойынша Голливудта өткен дәстүрлi әлем чемпионатының 5 алтын алқа және Гран-при жеңiмпазы, "Әлемнiң ұлы чемпионы" титулының иегерi, университетiмiздiң 1-курс студентi Мөлдiр Бақытжанқызы сахнаға шығып, ән шырқап, кеш қонақтарын талантымен тәнтi еттi.

Бес мыңнан аса көрермен жиналған кешке эстрада жұлдыздарыда қатысты. Отшашулар мен қазақша би сауық көрiгiн одан әрi қыздыра түстi.

ҚазҰУ-дың баспасөз орталығы

Серіктес жаңалықтары