ЖҰМАДАҒЫ КЕЗДЕСУ

ЖҰМАДАҒЫ КЕЗДЕСУ

ЖҰМАДАҒЫ КЕЗДЕСУ
ашық дереккөзі
219

Өткен аптаның жұмасында "Нұр Отан" ХДП Алматы қалалық филиалының ғимаратында әлеуметтiк шиеленiстердi қарастыру мен шешу жолындағы Қоғамдық Кеңестiң кезектi отырысы өттi.

Аталмыш кеңес барысында коммуналдық тарифтердiң өсуi мен Алматы қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың кешендi модернизациялау жоспарының әзiрлену жұмыстары сөз болды. Жергiлiктi тұрғындардан келiп түскен арыз-шағымдар бойынша осы мәселе ағымдағы жылдың 21 сәуiрiнде өткен Қоғамдық Кеңестiң отырысында талқыланған едi. Талқылау барысында қала әкiмдiгiнiң, коммуналдық кәсiпорындардың, бастамашыл топтың өкiлдерiнен тұратын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты модернизациялауға қатысты жұмыс тобын құру туралы шешiм қабылданған болатын. Қала әкiмi Ахметжан Есiмовтың бұйрығы негiзiнде қала әкiмiнiң орынбасары Е.Шормановтың басшылығымен қаладағы тұрғын үй-коммуналды шаруашылықты дамыту жөнiндегi Комиссия құрылған едi.

Мiне, ұзақ уақыт өтпей, аталмыш комиссияның жұмыстары Қоғамдық Кеңестiң кезектi отырысында тағы бiр рет талқылауға түстi. Отырысқа Кеңестiң мүшелерi, қала әкiмiнiң орынбасары Е.Ә.Шорманов, ҚР бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң Алматы облысы мен Алматы қаласы бойынша өңiраралық инспекциясының бастығы Қ. Нұрпейiсов, Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы С.Құсайынов, қалалық тұрғын үй басқармасының бастығы Қ.Нұрқадiлов, "Алматыжылукоммунэнерго" АҚ-ның өнеркәсiп басқармасының бастығы В.Кравченко, "Алматы жылу жүйелерi" АҚ-ның өкiлдерi қатысты.

Махаббат ӘДIЛХАНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары