«БАЛАПАН» — ЕЛ БОЛАШАҒЫ

«БАЛАПАН» — ЕЛ БОЛАШАҒЫ

«БАЛАПАН» — ЕЛ БОЛАШАҒЫ
ашық дереккөзі
441

"Баланы бастан" деген сөз бар. Қазақ халқы бала тәрбиесiнiң дұрыс болуын жастайынан, бесiкте жатқан кезiнен назарда ұстаған. Ер жетiп елге тұтқа болар шағында ұлтына болысатын, жұртымен жұғысатын азамат етiп тәрбиелеудi басты мұрат тұтқан. Ұрпақ тәрбиесi мемлекеттiк саясаттағы басты мiндеттердiң бiрi болып саналатыны да сондықтан. Өйткенi ұлан-ғайыр өлкенiң иесi болып киесiн қорғайтын ұлтжанды, қазақы қанды азаматтарды бүгiн тәрбиелемесе болмайды.

Асыра айтқандық емес. Дегенмен бүгiнгi жеткiншектер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың аталық, әкелiк мейiрiмiн сезiнiп өсiп жатыр. Себебi Президент бала-бақшадан басталатын тәрбиенiң түзулiгiн, нақтылығын, дұрыстығын әрдайым бақылап отырады. Мектептегi бiлiм беру жүйесiн жетiлдiруге де барынша ықылас танытады. Қазақ жастарының жоғарғы оқу орындарында бiлiм алып, мықты маман болып шығуына жағдай жасайды. Қысқасы, қазақ жастарының болашағы Елбасы басымдық берiп отырған басты бағыттың бiрi екенi анық.

Жыл басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi" атты халыққа Жолдауын жариялағаны белгiлi. Жолдауда басымдық берiлген басты бағыттың бiрi де осы ұрпақ тәрбиесiне арналады. Президент арнайы "Балапан" бағдарламасының жарияланатынын айтты. Бұл – бала тәрбиесiне қатысты кешендi тiрлiк атқаратын, келелi iске бастайтын, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеудегi басты мiндеттi атқаратын бағдарлама болмақ. Баланың дүниеге келгенiнен бастап, ер жетiп, ес жиып, етек-жеңiн жапқанға дейiнгi аралықтағы өмiрiне басты бағдар беретiн ауқымды жоба ретiнде қарастырылып жатыр.

Осыған орай бұрнағы күнi Алматы қаласында "Назар" қазақ журналистерiнiң қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Балапан" бағдарламасы – ел болашағы" атты жиын өттi. Оған бiлiм беру саласының үздiктерi, белгiлi педагогтар қатысты. Жиын барысында бағдарламаның мән-маңызы туралы кеңiнен айтылып, оны iске асыру тетiктерi қарастырылды.

«Түркiстан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары