"ҚАЛА КҮНI" ӨЗ ДЕҢГЕЙIНДЕ АТАП ӨТIЛДI

"ҚАЛА КҮНI" ӨЗ ДЕҢГЕЙIНДЕ АТАП ӨТIЛДI

"ҚАЛА КҮНI" ӨЗ ДЕҢГЕЙIНДЕ АТАП ӨТIЛДI
ашық дереккөзі
196

Елiмiздiң бас қаласы, Тәуелсiздiгiмiздiң алтын бесiгi – Алматының тарих беттерiнен алатын орны қашанда ерекше болмақ. Алматы елiмiздiң әкiмшiлiк билiк жүйесiнiң бастауы ғана емес, сондай-ақ зиялы қауымның ортасы, ғылым мен мәдениеттiң ордасы, жалпы рухани қазынамыз бен ұлттық ой-санамыздың қара шаңырағы саналады.

Алатау бөктерiнде бой көтерген, қыдыр қонып, құт дарыған киелi қоныс Алматының "Қала күнi" мерекесi биыл қыркүйектiң 19 жұлдызында жоғары деңгейде аталып өттi. Жылдан жылға экономикалық және әлеуметтiк тұрғыда тұрақты дамып келе жатқан алып шаһардың тау жақ беткейiндегi Бостандық ауданы да бұл мерекеге өзiндiк дайындықпен келдi. Ауданда орналасқан этно-мәдени орталықтардың дайындаған көрмелерi, ауданның шығармашылық ұйымдары мен эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттiк бағдарламалар, спорттық онйындар мен викториналық сұрақтардан өткен жарыстар мерекеге жиналғандарды қызық-думанға бөледi. Сондай-ақ, "Қала күнiне" орай, спорттың бес түрiнен өткен спартакиада жеңiмпаздарын аудан әкiмi З.Аманжолова ханым марапаттады. Сонымен қатар, "Ең үздiк ЖПҚ" , "Ең үздiк мұғалiм", "Ең үздiк дәрiгер", "Ең үздiк учаскелiк полиция қызметкерi", "Ең үздiк тәрбиешi" номинациялары бойынша да жеңiмпаздар анықталды.

Мерекенiң тағы бiр ерекшелiгi – Алматының алма жәрмеңкесi өтiп, ең салмақты алма анықталып,қонақтарға ұзындығы жиырма метр, ал енi екi метрге таяу тәттi торт ұсынылды. Жиналғандар мәре-сәре болған бұл мерекеге қала қонақтары, зиялы қауым өкiлдерiмен бiрге қаламыздың әкiмi А.Есiмов мырза да қатысты.

Еркiн ҚУАТАЙҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары