ҮЙIРМЕЛЕР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҮЙIРМЕЛЕР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҮЙIРМЕЛЕР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
ашық дереккөзі
493

Оқушылар сарайында "Сәлем, сүйiктi сарай!" атты кеш болып өттi. Мұндағы басты мақсат – мектеп оқушыларын түрлi үйiрмелерге жазу жұмыстарын қорытындылау. Бүгiнде балалардың қосымша бiлiм алуына арналып салынған мекемеде негiзiнен 6 бөлiм жұмыс атқарады. Спорт және туризм, ғылыми-танымдық және экологиялық, көркем өнер, балалар ынтасын үлестiру, қолданбалы өнер деп бөлiнген үйiрмелерге бүгiнде 8 мың оқушы жазылып үлгерiптi.

Аталған кеш шымылдығын бүлдiршiндер "Қара жорға" биiмен ашса, "Шертер" ансамблi Дәулеткерейдiң "Қос алқа" күйiн нақышына келтiре орындады. Салтанатты жиынның беташарын ашқан Оқушылар сарайының директоры Қуатбек Болатбекұлы: "Құрметтi ата-аналар, оқушылар, бүгiнгi шара түрлi үйiрме жұмыстарын сiздерге таныстыру, көрсетуге арналып отыр. Басты мақсат – мемлекетiмiздiң патриоттарын тәрбиелеу. "Үйрен де жирен" демекшi, өнерлi болуға талпыныңыздар. Әрқашан есiгiмiз айқара ашық" деп қорытты өз сөзiн. Кештiң соңында оқушылардың көптен күткен сүйiктi үйiрме сағаттары басталып та кеттi.

Даяна ТОҚБЕРГЕНОВА, ҚазҰУ-дың студентi

Серіктес жаңалықтары