ТҰРАН ӨЛКЕСIН ДҮР СIЛКIНДIРГЕН ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР

ТҰРАН ӨЛКЕСIН ДҮР СIЛКIНДIРГЕН ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР

ТҰРАН ӨЛКЕСIН  ДҮР СIЛКIНДIРГЕН ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР
ашық дереккөзі
276

Бұрынғы XVII-XVIII ғасырларда шыққан хандар тарихына арналған кiтапта Жалаңтөс баһадүрдiң есiмi жазылып, оның ерлiк iстерi жайлы қысқаша деректер келтiрiлген. Орыстың озық ойлы ғалымы, зерттеушiсi А.Левшин өзiнiң хандар тарихына қатысты еңбектерiнде Жалаңтөс баһадүр есiмi жазылған. Көп жылдар бойы Жалаңтөс туралы еш нәрсе жазылмай, зерттелмей келген-дi. 1923 жылы көрнектi қоғам және мемлекет қайраткерi Халел Досмұхамбетов өзiнiң "Аламан" атты зерттеу шығармасында Жалаңтөс баһадүрдiң ерлiк iстерi мен өнердегi өрелi ескерткiштерi "Шир-дор" және Тiлла Кари мавзолейлерiнiң құндылығын айта отырып, Жалаңтөс Сейiтқұлұлының туған өңiрi мен ата-тек шежiресiн келтiрген-дi. 1968 жылы 40 жылдан кейiн ақын, зерттеушi, сыншы Бекдiлда Алдамжаров Жалаңтөс туралы зерттеудi көп қиындықпен "Қазақ әдебиетi" газетiне жариялаған болатын. Тағы да 40 жылдан кейiн көптеген баспасөздерде Жалаңтөс жайлы түрлi зерттеулер, мақалалар жариялана бастады.

Бүгiнгi күнi Қызылорда қаласында Жалаңтөс баһадүрге алып ескерткiш салынды. "Астана" даңғылы (үлкен жолдың) бойында Тұран топырағының даңқты перзентi – Жалаңтөс баһадүрге арналған республикалық ғылыми-танымдық конференция басқа да танымдық шаралар өткiзiлдi. Республиканың белгiлi ғалымдары К.Сағадиев, Б.Көмеков, Бүркiт Аяған, Ө.Күмiсбаев, А.Жұмадiлдаев, Б.Кәрiбайұлы, С.Өтениязов конференцияда баяндама жасап, Жалаңтөс баһадүрдi жаңа бiр қырынан аша түстi.

Айттың алғашқы күнiнде ұйымдастырылған бұл iзгi шаралар облыс жұртшылығын қуанышқа, ерлiк рухына бастай бiлдi.

Аталған ескерткiш соңғы 2-3 жыл iшiнде тиiстi министрлiктердiң сүзгiсiнен өткен. Ескерткiш авторы – Саматбек Бөкебайұлы.

Көпшiлiк қауым осындай алып ескерткiштiң өмiрге келуiне бар болмысымен жұртшылық ұсынысын қолдаған облыс әкiмi Болатбек Баянұлы Қуандықовпен аталған қордың президентi баһадүр ұрпағы, қоғам және мемлекет қайраткерi Ыдырыс Қалиев ақсақалға ризашылығын бiлдiрiп жатты.

Туған өңiрiнен алыста болса қазақ халқының амандығы, бас бостандығы үшiн көмектескен, Тұран елiнiң батыры Жалаңтөс Сейiтқұлұлына арналған алып ескерткiш келешек ұрпаққа бақыт-береке, бiрлiк тiлеп тұрғандай.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары