"31"-дегi ЖЕМIСТI КYЗ

"31"-дегi ЖЕМIСТI КYЗ

"31"-дегi ЖЕМIСТI КYЗ
ашық дереккөзі
260

Жаңа маусымда қазақша бағдарламалар саны арта түседi

Күз – телеарналардың "жемiс беретiн" мезгiлi. "31 арна" 2010 жылдың жаңа маусымына әбден-ақ дайындалыпты. Бұған дейiн, газетiмiздiң бетiнде "31" телеарнасындағы мемлекеттiк тiлдегi телебағдарламалардың қысқаруына байланысты бiрталай мақала жарық көргенiнен көзiқарақты оқырман хабардар шығар. Айтылған сыннан соң түзелген мiндi көру үшiн телеарна табалдырығынан аттадық.

Осыдан екi жылдан астам уақыт бұрын ресейлiк "СТС" телекомпаниясы “31-арнаның” 20 пайыз акциясын сатып алған. Осыдан соң телеарнаға жасалған мониторинг эфирдiң басым бөлiгi ресейлiк телеөнiммен толтырылатынын көрсеткен едi. Осы жолы телеарнаның бас продюсерi Игорь Сырцовтан осы мәселенi анықтап сұрадық.

"Қазiр "31-арнадағы” ресейлiк телеөнiмнiң үлесi қанша?" деген сұрағымызға "20 пайызға жетер-жетпес" деп жауап бердi. Сұхбат үстiнде, осыдан екi жыл бұрын олардың көлемi 50 пайызға жуық болғанын мойындады.

"Бiз эфирдi отандық телеөнiммен толтыруға тырысып жатырмыз. Алдағы жылы 11 телебағдарлама ашылмақ. Олардың бәрi де қазақша болады. Бұл бiзге "Тiл туралы" Заңның нормаларын орындауға мүмкiндiк бередi" – дейдi Игорь Сырцов.

Бас директор Нұржан Мұхамеджанованың айтуынша, қазiргi таңда "31-арнадағы” мемлекеттiк тiлдегi хабарлардың жиынтық саны 47,3 пайызды құрайды.

Сонымен, "31-арнадағы" жаңа маусымның басты жаңалығы – қазақ тiлiнде сапалы жаңа телебағдарламалар санының артуы.

Жаңа жобаның бiрi – "Теңге-BOX" интеллектуалды ойын-сауық бағдарламасына белгiлi адамдар да, танымал тұлғалар да, қарапайым көрермендер де қатыса алады. Ең басты шарт – 10 сұраққа мүдiрмей жауап беру керек.

Қыркүйектiң басынан көрсетiле бастаған "Талант-шоу" бағдарламасы шығармашылық тұлғаларды жаңа қырынан танытуды, жас таланттарды халыққа насихаттауды көздейдi. Әр шығарылым белгiлi бiр тақырыпқа арналады.

Халыққа көзайым болғанына бiр жыл толған "Әзiл студио" бағдарламасы көрермендердiң жылы ықыласына бөленiп, қазiргi таңда "31 арнадағы" қазақ тiлiндегi рейтингi жоғары хабарлардың бiрiне айналып отыр. Ең бастысы, қазақша хабардың орысша субтитрмен берiлуiнiң өзi – ұтқырлық. Осы жоба аясында DVD дискiсiне жазылған ең мықты әзiлдер көрермендерге жол тартты.

Бұрыннан шығып келе жатқан "Жұлдызбен жүздесу", "Базар жоқ!" бағдарламалары да iшiнара мазмұндық өзгерiстерге ұшыраған. Ал "Информбюро" бұдан былай өзiнiң бұрынғы уақытында, 19.00 және 21.00-де шығады.

"31" телеранада қолға алынған игiлiктi iсi – Уолт Дисней мултьфильмдерiн қазақшаға аударып берудi жалғастырмақ. Жексенбi сайын балаларға арналған мультфильмдер сериясы ұсынылады.

"Басты мақсатымыз – көрермендердiң көңiлiн көтеру. Көңiлi көтерiңкi адамның өмiр сүруге де құлшынысы күштi болады", – дейдi Нұржан Мұхамеджан.

Гүлбиғаш Омарова

Серіктес жаңалықтары