Ел зиялылары және ЕҚЫҰ

Ел зиялылары және ЕҚЫҰ

Ел зиялылары және ЕҚЫҰ
ашық дереккөзі
468

Алматыда Мемлекеттiк хатшы – Сыртқы iстер министрi Қанат Саудабаев зиялы қауым өкiлдерi, бiр топ қаламгерлер және республикамыздағы белдi ақпарат құралдарының басшыларымен кездесу өткiзiп, келелi мәселелердi ортаға салды.

Қазақстан ЕҚЫҰ тiзгiнiн өз қолына алғалы талай шаруаны еңсерiп тастады. Бұған әуелгi дәлелдi елiмiздiң Қырғызстандағы тыныштықтың сақталуы мен экономикалық жағдайды ретке келтiруде сiңiрген еңбегiн айтуға болады. Бүгiнде әлемдiк қауымдастық мүшелерi Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығын абыроймен атқарғанын мақтанышпен айтып келедi. Ендi, айналасы 2-3 айдан соң елiмiз бұл мiндеттiң үдесiнен шығып, алқалы қорытынды саммиттiң өтуiне мұрындық болып отыр. "Қазақстанның ЕҚЫҰ сынды мәртебелi ұйымға төрағалығы — елiмiздiң халықаралық дәрежедегi беделiн арттыра түстi. Бұл — Елбасы Н.Назарбаевтың есiмi ел iшiнде ғана емес, әлемдiк деңгейде аса сыйлы, құрметтi қайраткер екендiгiнiң айнытпас дәлелi" деген Қанат Саудабаев алдағы желтоқсанда Астана қаласында өтетiн мемлекет басшылары саммитiнiң де өз деңгейiнде өтетiндiгiне сенiм бiлдiрдi.

Елорданың төрiнде ЕҚЫҰ шеңберiнде өтетiн алқалы басқосуда Қазақстан мемлекетi бiр жыл бойында қандай жұмыстар атқарғандығы жөнiнде кеңiнен есеп бередi. Саммитке әлемнiң 67 елiнен қатысушы-мемлекет басшыларының және әрiптес мемлекеттердiң жетекшiлерi келедi. "Кез келген мемлекетке бұйыра бермейтiн ЕҚЫҰ-ға басшылық жасау кезеңiн әрбiр қазақ жiтi түсiнуi тиiс. Бұл өте үлкен халықаралық табыс. Мұнымен барша отандастар мақтана алады. Халықтың осындай заңды мақтанышын қаламгерлер айтпағанда, кiм айтады, жазушылар жазбағанда, кiм жазады?" деп атап өттi Қанат Саудабаев. “— Қазiр мiне, елiмiздiң экономикалық дамуында айтарлықтай серпiн бар. Халықтың тұрмыс жағдайы жақсарды. Кейбiр көршi елдiң азаматтары елiнен безiп, шетелде босып жүргенде, өзге елде дәл осылай баз кешiп жүрген бiр қазақ жоқ. Осы екпiнмен Тәуелсiздiгiмiздiң 20 жылдығын қарсы алуымыз керек. Бұл тұрғыда отандық БАҚ пен зиялы қауым өкiлдерi ортақ мақсатта жұмыс iстеуi тиiс", — деген ол шығармашылық қауымның билiктiң байыпты бағдарламаларын қолдап, насихатшы рөлiн жақсы атқарып жүргенiне ризашылығын жеткiздi.

Динара ДҮРМӘН

Серіктес жаңалықтары