ҮШКЕМПIРОВ ҮЙIР ЖЫЛҚЫ СЫЙЛАДЫ

ҮШКЕМПIРОВ ҮЙIР ЖЫЛҚЫ СЫЙЛАДЫ

ҮШКЕМПIРОВ ҮЙIР ЖЫЛҚЫ СЫЙЛАДЫ
ашық дереккөзі
283

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылына облыс аудандарынан қайырымдылық көмек ретiнде қарастырылған мал жеткiзiле бастады. Естерiңiзге сала кетсек, облыс әкiмi Серiк Үмбетовтiң бастамасымен облысымыздың барлық аудандарынан қосымша әлеуметтiк көмек ретiнде Қызылағаш ауылының әр отбасына (барлығы 631 отбасы) 1 жылқы, 1 сиыр, 10 қойдан таратып беру көзделген болатын.

Өңiр басшысының берген уәдесi орындалып, осы бiр жақсы бастама бүгiнгi күнi iске аса бастады. Үйлi болған ауыл тұрғындарының қора-қопсылары ендi малға толуда. Осындай игiлiктi iстi алғашқылардың бiрi болып, Балқаш ауданы бастады. Олар 35 отбасының әрқайсысына 10 қойдан, бiр жылқы мен бiр сиырдан әкелiп бердi.

Сол ауданда өзiнiң жеке шаруашылығын шалқытып, қазақы тұқымды мал өсiрiп отырған 1980 жылғы Мәскеу Олипиадасының чемпионы, қазақтың бiртуар балуаны Жақсылық Үшкемпiров қызылағаштықтарға жүген-құрық көрмей, Бақанастың байтағында емiн-еркiн өскен он бес жылқыдан тұратын үйiрлi Қамбар ата түлiгiн тарту еттi. Халқымыз "Көп түкiрсе көл" дейдi. Жақыныңа жәрдемдесiп, ауыртпашылықты көтеруде облыстың барлық аудандары мүмкiндiгiнше көмек қолдарын беруде. Қазiрдiң өзiнде Қызылағаш ауылының тұрғындарына 300-ден астам сиыр мен осынша көлемдi жылқы, үш мыңнан астам қой таратылып берiлдi.

Қызылағаштықтарға төрт түлiк малды тарату барысын облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, жергiлiктi әкiмдiк, сондай-ақ ауыл ақсақалдары бақылауда.

Алматы облысы әкiмiнiң Баспасөз қызметi

Серіктес жаңалықтары