"ОТАНДАСТАР" АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСIНЕ ЖЕТТI

"ОТАНДАСТАР" АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСIНЕ ЖЕТТI

"ОТАНДАСТАР" АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСIНЕ ЖЕТТI
ашық дереккөзі
260

"Нұр Отан" ХДП-ның мұрындық болуымен ағымдағы жылдың маусым айынан берi жүргiзiлiп келе жатқан "Отандастар" акциясы қорытындыланды. Атқарылған шаруаны түйiндеуге арналған жиынға қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкiлдерi мен жастар ұйымдарының мүшелерi және партия белсендiлерi қатысты.

Акция барысында "Нұр Отан" партиясының филиалдарында штаб пәтерлер ашылған. Шара аясында Алматы қаласының тұрғындары арасында арнайы өтiнiш-пiкiрлерi, толғандырып жүрген мәселелер мен ұсыныстары бойынша сауалнама жүргiзiлген. Мониторинг қорытындысы бойынша, қоғамды толғандырып отырған ең өткiр деген мәселелер анықталды. Атап айтсақ, жетiм-жесiрдi баспанамен қамтамасыз ету, жұмыссыздықты жою, сапалы әрi жоғарғы бiлiм алу, қаланы көрiктендiру тақырыптары қызу талқыға түстi.

"Отандастар" жобасын жүзеге асыру халықпен керi байланыс орнатудың жаңа тетiгiн орнатуға, сонымен қатар қоғамның мұқтажы мен өзектi мәселелерiн анықтауға бағытталатын болады.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары