РЕКТОР ГРАНТЫ ТАБЫС ЕТIЛДI

РЕКТОР ГРАНТЫ ТАБЫС ЕТIЛДI

РЕКТОР ГРАНТЫ ТАБЫС ЕТIЛДI
ашық дереккөзі
243

26-тамызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнде ректор грантының иегерлерi анықталды. Биыл ректор грантының иегерi былтырғыға қарағанда бес есе артып, 90 балаға ҚазҰУ ректорының гранты табыс етiлдi.

ҚазҰУ студенттерiнiң қатарына қосылған бiлiмгерлердi құттықтау барысында ректор Бақытжан Жұмағұлов: "Биыл 3200 мемлекеттiк бiлiм гранты иегерiн оқуға қабылдаған ҚазҰУ жетекшi бiлiм ордасы ретiнде отандық бiлiм кеңiстiгiне жанашырлық танытып, тағы 90 балаға ректор грантын тапсырып отыр. Олардың арасында 64 "Алтын белгi" иегерi, қалғандары халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңiмпаздары. Ерекше мәртебелi белгiге ие болу қабiлет пен дарынды қажет ететiндiгiн ескере отырып, үздiк талапкерлердi назардан тыс қалдырғымыз келмедi. Бұл талапкерлер мемлекеттiк байқау кезiнде таңдаған мамандықтарына грант бөлiнбей қалғаны үшiн жазықты емес. Сол үшiн бiз – университет ғалымдары, декандары мен оқытушы-профессорлар құрамы ақылдаса келiп осындай ұйғарым қабылдадық. Оларға университет жыл сайын 67 млн. қаржы бөледi", – деген пiкiрiн жеткiздi.

Қазақстанның бiлiм кеңiстiгiнде көп салалы университеттер көшiн бастап тұрған бiлiм шаңырағының грантына ие болған бiлiмгерлер өз қуаныштарын жасырып қалмады. Үздiк оқыған оқушы – бүгiн ҚазҰУ студентi. Олар Қазақстанның болашақ элитасы. Шараға келген қонақтар: "Мектеп ұжымы қанаттандырған сапалы студент – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнен сапалы маман болып қанаттанады" деген сенiммен тарасты.

Саягүл ӘЛIМБЕКОВА

Серіктес жаңалықтары