ЕЛБАСЫ АТЫНАН БЕРIЛГЕН АУЫЗАШАР

ЕЛБАСЫ АТЫНАН БЕРIЛГЕН АУЫЗАШАР

ЕЛБАСЫ АТЫНАН БЕРIЛГЕН АУЫЗАШАР
ашық дереккөзі
328

Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ауызашар берiлдi. Ақ ниетпен жайылған кең дастарқан басына қаладағы 400-дей мұсылман жамағаты бас қосты.

Ауызашар беру – сауапты iс. Бұл шараға қатысқан Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмов жиналған қауымды қасиеттi Рамазан айымен құттықтап, барша мұсылмандарға ораза айының сәттi өтуiне тiлектестiк бiлдiрдi. Сондай-ақ, әкiм өз сөзiнде Елбасының сындарлы да салиқалы саясатының арқасында елiмiзде тыныштық пен татулық орнап отырғанын, елiмiзде ата дiнiмiз – Ислам дiнiнiң қанат жайып келетiнiн ерекше атап өттi. "Елбасы жүргiзiп отырған дана саясаттың арқасында қазiр бiздiң азаматтарымыз қасиеттi дiн бастауларына қайта оралды, адамзаттық құндылықтардың қажеттiгi арта түстi, елiмiзде тек экономикалық емес, сонымен бiрге рухани зор даму iсi жүрiп жатыр", – дедi Ахметжан Есiмов. Айлардың төресi – Рамазан айы қала тұрғындарының жүрегiне шапағат-нұрын құйып, имандылық пен сабырлылық сыйлайтынын айта келе, сауапты iстiң бiрi ретiнде – ауызашар берудiң нұр үстiне нұр болатынын жеткiзген қала әкiмi Ахметжан Есiмов көпшiлiкке ораза-ниет қабыл болсын айтып, әрбiр отбасыға амандық, зор денсаулық, береке тiледi.

Елбасының атынан берiлген ауызашар дастарқанына Сұлтан Жиенбаев, Сағындық Кенжебаев, Жұмағали Ысмағұлов, Салық Зиманов сияқты қадiрмендi ақсақалдар мен мәдениет пен өнер тарландары, қоғам қайраткерлерi және бизнес өкiлдерi келдi. Рухани кеште Алматы қаласы Орталық мешiтiнiң бас имамы Құлмұхаммед Маханбет құран оқып, уағыз айтты.

Динара ДҮРМӘН

Серіктес жаңалықтары