ТАЛАС ТУДЫРҒАН "ДҮДӘМАЛ" ДЕКРЕТ

ТАЛАС ТУДЫРҒАН "ДҮДӘМАЛ" ДЕКРЕТ

ТАЛАС ТУДЫРҒАН "ДҮДӘМАЛ" ДЕКРЕТ
ашық дереккөзі
298

Әлемнiң дүбiрiне құлағы түрiк оқырмандарымыз 12-тамызда Қырғызстан Уақытша үкiметiнiң төрайымы Роза Отунбаева елдiң бұрынғы президентi Асқар Ақаевты қолсұғылмаушылық мәртебесiнен айыру туралы Уақытша үкiмет декретiне қол қойғанынан жақсы хабардар.

Декретке сәйкес, Қырғызстан Ресупбликасының бас прокуратурасына Асқар Ақаевты қылмыстық жауапқа тарту жөнiнде қажеттi шараларды қабылдау, сондай-ақ оны Қырғызстанға экстрадициялау тапсырылған едi.

Қырғызстанның вице-премьер министрi Әзiмбек Бекназаров бастамашы болған аталмыш декрет қоғамда әртүрлi пiкiрлердiң қоздауына әкелiп отырғаны мәлiм.

Әдiл Тойғанбаев, Қазақ Ұлттық Конгресiнiң көшбасшысы:

– Бұл заңға қайшы әрi ақылға сыйымсыз шешiм. Жаңа басшылық өзiне-өзi қиянат жасап отыр. Қырғыздарға Ақаевты еске түсiрудiң қажетi жоқ едi. Ендi қаласын-қаламасын, Ақаевпен өздерiн салыстыруға тура келедi. Мен саяси бағдарламалардың астарынан әлдене iздегендi ұнатпаймын, жалпы саяси бағдарлама туралы айтқым келмейдi. Бiрақ, кәсiби деңгей мен басқару сапасы туралы айтуға хақым бар деп ойлаймын.

2005 жылдан кейiн ұшқыштардың кабинасына комбайншылар отырғандай әсер қалыптасып едi. Олардың ұшақ пен комбайнның ұқсастығы туралы өзiнше бiр түсiнiктерi бар болатын. Бүгiнгi күнi солардың өзiмен жылап көрiсетiндей жағдай қалыптасып отыр. Өйткенi, комбайншылардың аздап болса да қабiлет-қарымы бар едi. Тым болмағанда, креслода шалқайып отыра алатын. Ал бүгiнгi Уақытша үкiметтегiлерге ұшақты жуудың өзiн де сенiп тапсыруға болмас едi деп ойлаймын.

Уақытша үкiметтiң шешiмi өз тамырына өзi балта шауып отыр. Мәселе мұнда да емес. Легитимдiлiктiң бiр ұшқынына қолы ендi ғана жеткен Отунбаева айналып келiп сол легитимдiлiктi өз қолымен сызып тастап отыр. Ол өте шектеулi өкiлеттiлiктермен уақытша президент болып сайланған болатын. Ал оның қол қойған құжаты осы өкiлеттiлiктердiң шеңберiнен шығып кеттi. Референдум бұдан былай Конституция өз күшiнде болады деп шешкен, ендiгi жерде штаттан тыс жағдайларға сiлтеме жасаудың ретi жоқ. Референдумға дейiн Уақытша үкiметтiң әрекетi заңсыз болатын. Ал қазiргi кезде олардың әрекетi заңға қарсы болып есептеледi, себебi Конституция күшiнде. Уақытша үкiмет болса, Жогорку Кенештiң "нанын тартып жеп" отырғаны айқын. Тоқетерiн айтқанда, заңсыз билiк бiр "ақымақтық" жасамақ болып едi. Бiрақ, олар "ақымақтық" емес, қылмыс жасады.

Дайындаған Ж. Баққондыұлы

Серіктес жаңалықтары