НАННАН ТАПШЫЛЫҚ БОЛМАЙДЫ

НАННАН ТАПШЫЛЫҚ БОЛМАЙДЫ

НАННАН ТАПШЫЛЫҚ БОЛМАЙДЫ
ашық дереккөзі
175

Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының Целиноград ауданында жұмыс сапарымен болып, бiрқатар ұйымдар мен кәсiпорындарды аралады. Осындағы көпсалалы ауылшаруашылық құрылымы саналатын "Ақмола-Феникс" АҚ-тың жұмысымен танысу мүмкiндiгi туды.

Елбасы жалпы ауданы 19,6 мың гектарды құрайтын дәндi және бұршақ дақылдары егiстiгiн аралады. Кездесу барысында Н.Назарбаев: "Биылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан астықты өлкелердiң арқасында орташа түсiмге қол жеткiземiз.Ел наннан тапшылық көрмейдi," – дедi Президент. Естерiңiзде болса, ауылшаруашылығына биыл 96 миллиард теңге бөлiнген болатын. Бұл ауылшаруашылығы саласын дамытуға қосылған қомақты үлес. Сондай-ақ, сарапшылардың айтуынша, астық экспортындағы елiмiздiң әлеуетiн сақтап қалатынымыз анық. Елбасы Целиноград ауданында iрi ауылшаруашылық кәсiпорны болып табылатын "Ақмола-Феникс" акционерлiк қоғамының жұмысымен танысты. Астананың айналасында азық-түлiк қауiпсiздiгiн сақтау мақсатында құрылған "ҚазАгро" ҰХ" АҚ қолдауымен құс фабрикасы технологиялық жағынан қайта жарақтандырылған болатын. Нәтижесiнде құс басы 400 мыңға, жұмыртқаның жылдық саны 50 миллион данаға жеткенi үлкен мақтаныш. Бұдан өзге ауданда құс мамығы зауыты, ет өңдеу мен тiгiн цехтары, ұн тарту кешенi жұмыс iстеуде.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары