"ЭЙР АСТАНА" КОМИТЕТ МӘЛIМЕТIН ТЕРIСКЕ ШЫҒАРДЫ

"ЭЙР АСТАНА" КОМИТЕТ МӘЛIМЕТIН ТЕРIСКЕ ШЫҒАРДЫ

"ЭЙР АСТАНА" КОМИТЕТ МӘЛIМЕТIН ТЕРIСКЕ ШЫҒАРДЫ
ашық дереккөзі
225

10-тамызда елiмiздiң Есеп комитетi "Эйр Астана" әуекомпаниясына бiршама кiна артқан едi. Нақтырақ айтсақ, әуе тасымалдаушы компания ұшақтарының сапасына күмән келтiрiп, компанияның табысы кемiп кеткендiгiн әрi компания өз қызметкерлерiне тиiстi жалақысын төлемей отырғандығын жариялады. Сондай-ақ, компанияға өткен жылдың өзiнде ұшақтарды жөндеуден өткiзуге 10 миллион теңгеден артық қаржы жұмсады деген айып тағылды. Бұл мәлiмдеменiң iзiн ала "Эйр Астана" компаниясы мәселенiң мән-жайын толыққанды түсiндiрдi.

Жалпы елiмiздегi бiрегей әуекомпаниясының директорлар Кеңесi 2006-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын 2005 жылдың желтоқсан айында бекiткен екен. Әлемдi шарпыған дағдарысқа қарамастан компания өзiнiң жұмысын оңтайландырып, Әуе көлiгiнiң халықаралық қауымдастығы атынан бiрқатар марапаттарға ие болып отыр.

Жоғарыда аталған Стратегиялық жоспарға сәйкес әуе компаниясы 6 "Эйрбас 320" маркалы ұшағын сатып алу туралы Airbus коцернiмен келiсiм-шартқа отырған. Бұл келiсiм шартқа сәйкес төлемдер 2008 жылы жасалған, ал компанияның қызметiн тұрақты пайдаланушылар "Эйрбас 320" маркалы ұшағының қызығын 2012 жылы көредi. Сондай-ақ, Есеп комитетi "Эйр Астана" әуекомпаниясында 20 жылдық ұшақтардың барлығын, яғни ұшақтардың сапасы сын көтермейтiнiн де тiлге тиек еткен едi. Алайда компания қызметкерлерi бұл айыптауларды терiске шығаруда. Компанияның әуепаркiндегi ұшақтардың орташа "жасы" 8 жыл дегендi алға тартады "Эйр Астана" компаниясының ресми өкiлдерi. Бұған қоса, әуекомпаниясы 2010 жылдың наурыз айынан бастап өз рейстер жиiлiктерiн және бағыттарын көбейттi. Ал ұшақтарды C-chek авиалайнерлердiң техникалық жайын күрделiрек жөндеу жұмыстары ЕASA-145 стандарты бойынша сертификатталған арнайы техникалық орталықтарда жүргiзедi. Ең өкiнiштiсi, мұндай орталықтар әзiрге елiмiзде жоқ. Сол себептi компания жөндеу жұмыстарын шетелдерде өткiзуге мәжбүр. Компания келесi жылдан бастап C-chek тексерiстер бөлiгiн ЕASA-145 стандарты лицензиясы негiзiнде Алматыдағы өзiнiң техникалық қызмет көрсету орталығында орындауға уәде берiп отыр.

Қазiргi таңда "Эйр Астана" әуе компаниясы Еуропалық Одаққа коммерциялық рейстер орындауға рұқсатты иеленген елiмiздегi бiрден бiр компания. Айта кетерлiгi, қазақстандық әуекомпаниялары әлi күнге дейiн Еуроодақтың ұшу қауiпсiздiгi комитетiнiң атынан мұндай рұқсатқа қол жеткiзе алмай отыр.

Бүгiнде "Эйр Астана" еңбекақы бойынша да өзiндiк саясатты бекiткен. Сондықтан да компания өз штатын қиын-қыстау кезеңдерде де қысқартпағанын әрi мемлекеттiк субсидиясыз барлық қаржы мiндеттерiн өтеп, бекiтiлген жоспарға сәйкес қызметiн одан ары жалғастыратындығын мәлiмдедi. Ағымдағы жылдың сәуiр айында әуекомпаниялар қызметтерi сапасын бағалау бойынша әлем көшбасшысы атанып отырған "Skytrax" компаниясы "Эйр Астананы" "Шығыс Еуропадағы ең үздiк әуекомпаниялары" номинациясы бойынша 3-шi орынға шығарса, ал ТМД елдерi арасында ең үздiк әуе тасымалдаушысы деп танылған.

Елiмiздiң Есеп комитетiнiң компанияға қатысты айыптарын "Эйр Астана" әуекомпаниясы осылайша терiске шығаруда. Осы орайда, "Беделдi комитет нақты қай сандарға және қандай дәйектерге жүгiндi?" деген заңды сұрақ туындайды.

Әйгерiм БАҚЫТҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары