ТУРИСТIК ҚАЗАҚСТАН ПОРТАЛЫ АШЫЛАДЫ

ТУРИСТIК ҚАЗАҚСТАН ПОРТАЛЫ АШЫЛАДЫ

ТУРИСТIК ҚАЗАҚСТАН ПОРТАЛЫ АШЫЛАДЫ
ашық дереккөзі
348

Қазақстанға келуге ықылас бiлдiрген туристер елiмiз жайлы мәлiметтi қайдан алады? Көрiктi орындар мен әсем табиғат, демалыс орындары мен орталықтарды бiлу үшiн шетелдiк туристер мен жерлестерiмiз көре алатын портал жасалды. Жақында Туризм және спорт министрлiгiнiң Туризм индустриясы комитетiнiң ұйымдастыруымен www.visitkazakhstan.kz арнайы порталы ашылмақ.

Бұл республикалық портал арқылы Қазақстанды түрлi қырынан тануға мүмкiндiк болады. Аймақтардағы барлық туристiк инфрақұрылымдар: саяхаттар, жәдiгерлер мен табиғат құндылықтары, онлайн режимiн пайдалантын қонақүйлер мен ойын-сауық мекемелерi осы порталға кiрiстiрiлген. Портал қызметi үш тiлде: қазақ, орыс және ағылшын тiлiнде жүзеге асырылады. Бұдан былай шетелдiк қонақтар бүкiләлемдiк желi арқылы елiмiздегi туризм кластерi туралы толық ақпар алатын болады. Бұл жергiлiктi халық пен шетелдiк туристер үшiн өте қолайлы заманауи жүйе, көптеген дамыған мемлекеттерде туризм онлайн режимде өте жақсы дамыған.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары