"БИЗНЕСТIҢ ЖОЛ КАРТАСЫ" ЖӘНЕ БАНКТЕР

"БИЗНЕСТIҢ ЖОЛ КАРТАСЫ" ЖӘНЕ БАНКТЕР

"БИЗНЕСТIҢ ЖОЛ КАРТАСЫ" ЖӘНЕ БАНКТЕР
ашық дереккөзі
385

Үкiмет қабылдаған "Бизнестiң жол картасы – 2020" кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламасының жүзеге асып жатқанына көп бола қойған жоқ. Соның нәтижесiнде кәсiпкерлер БТА Банктен жетi пайыздық жылдық жеңiлдiкпен несие алуға мүмкiндiк алды. БТА Банктiң Басқарушы директоры Марлен Жәкежанов елiмiздегi кәсiпкерлерге қолдау көрсетудiң тиiмдi жолдары туралы ойларымен бөлiстi.

– Марлен Юсупұлы, сiздердiң банктерiңiз шағын және орта бизнес қызметтерiне бағытталғанын бiлемiз. Ал, кәсiпкерлердiң өзi бұл бағдарламаны қалай бағалауда?

– Шынымен де бiз мемлекеттiк және меншiктiк кредиттiк бағдарламаларды жүзеге асыруда шағын және орта компаниялармен көптен берi бiрге қызмет етiп келемiз. БТА-ның "Бизнестiң жол картасы – 2020" бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуы шағын және орта бизнес (ШОБ) секторымен өзара тиiмдi ынтымақтастықты жалғастыруға бағытталған болатын. Осының негiзiнде бағдарламаның барлық үш бағыты – жаңа бизнес жобаларды қаржыландыру, жаңа кәсiпкерлiк секторды қалпына келтiру, экспорттық-болжамдық өндiрiстi қолдау кәсiпкерлер арасында қолдау тапты. Өтiнiш берушiлердiң санына қарағанда, жаңа бағдарламаға деген қызығушылық күннен-күнге артып келедi. Бүгiнгi таңда бiзбен жаңа бизнес-бастаманы қолдауға ие болғысы келетiн 20 кәсiпкер, кәсiпкерлiк секторды қалпына келтiруге байланысты 84 өтiнiш және экспорттаушы кәсiпорындарынан бес сұраныс түстi.

– Аталған мәлiмет бойынша ШОБ өкiлдерi борыштық жүктеменi төмендеткiлерi келетiнiн байқауға болады. Банк бұл шараларды қалай бағалауда?

– Бүгiнгi күнi көптеген кәсiпкерлер борыштық жүктеменi төмендетудi қажет ететiн болғандықтан, ол толық түрде ескерiлуi қажет. Бағдарламаның басты мақсаты – шикiзаттық емес секторды және ШОБ-ты көтеруге бағытталғандықтан, бiз бұған қатысқанда пайда табуды көздеп отырғанымыз жоқ. Бiз өз клиентiмiзге көмектесе отырып, оның бизнесiн, бюджетке төлеп отырған салығын, жұмыс орнын және болашақтағы кiрiсi бар клиенттiң өзiн сақтаймыз. Бүгiнде бизнес-кредиттер бойынша нарық ставкасы орташа бағамен 16-18 пайызды құрайды және ол көптеген кәсiпкерлер үшiн шамадан тыс көп болып отыр. Ал, бiз "Бизнестiң жол картасының" талаптарына байланысты жылдық номиналды ставканы 12 пайызға дейiн төмендетемiз, оның iшiнде бес пайызын мемлекет толтырады, ал қарызгерге зайем жеңiлдiгiнiң бағасы жетi пайыздан аспайды. Бiр бизнес-жобадағы кредиттi қаражаттандыру көлемi 3 млрд. теңгеден аспауы керек. Сонымен бiрге заемшы кредит ұйымына байланысты банктiң барлық топтамасы мен комиссиясынан босатылады.

– Көптеген кәсiпкерлер атқарушылар санының көптiгiне байланысты "Бизнестiң жол картасы-2020" бағдарламасына күмәнмен қарады. Бұл жайында не ойлайсыз?

– Рас, бағдарламаның жүзеге асуыруға банктер мен "Даму" қоры, әкiмшiлiктер мен Қаржы қауымдастығы, Экономикалық даму мен сауда министрлiгi түгелдей ат салысып отыр. Осы мемлекеттiк бағдарлама бойынша кредит алу жүйесi жеңiлдетiлген: кәсiпкер әртүрлi деңгейлiк сатыдағы құжаттар келiсiмi мен қиын механизмдерге ермей, тек қана банкпен жұмыс iстеуi қажет.

– Қазақстандық ШОБ-тi дамытуға қандай шаруалар атқарылу керек деп ойлайсыз?

– Нақты өндiрiстiң дамуына баса назар аудару қажет деп ойлаймын. Бiздiң бизнесiмiз бастапқыда қызметтiк және сауда саласының даму жолымен кеттi, яғни көптеген мейрамханалар, шаштараздар, жанар-жағармай құю бекеттерi ашылды. Дағдарыс талаптарына байланысты олардың көпшiлiгi жабылып қалды, басқа салада шағын бизнес шеттетiле бердi. Өндiрiс қиын және көп еңбектi қажет ететiн жүйе болып табылатынын бiлемiз, бiрақ ол елiмiздiң ары қарай экономикалық дамуын қамтамасыз ететiнi сөзсiз.

– Шағын және орта бизнес бағытына байланысты қандай жоспарлар бар?

– БТА-ның қайта құрылымдау жоспарының талабына сәйкес, 2010 жылдың аяғына дейiн бiз ШОБ портфелiн 10-15 пайызға дейiн ұлғайтып, азық қоры портфелiнiң көлемiн, керiсiнше, 12,6 пайызға дейiн төмендетуiмiз керек. Бұл көрсеткiштерге банктiң "Бизнестiң жол картасы" бағдарламасына қатысуынан кейiн қол жетедi деп ойлаймын.

Әңгiмелескен Динара ДҮРМӘН

Серіктес жаңалықтары