ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАР КЕЗДЕСТI

ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАР КЕЗДЕСТI

ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАР КЕЗДЕСТI
ашық дереккөзі
153

"Жұмысшы жастар одағы" 2009 жылы Қарағанды облысының Темiртау қаласында "Нұр Отан" ХДП "Жас Отан" жастар қанатының бастамасымен құрылған болатын. Мiне, содан берi бұл одақ елiмiздегi жұмысшы жастарға қанат бiтiрiп, өрге қарай биiктеуiне өз үлесiн қосып келедi.

"Жұмысшы жастар одағы" Қазақстанның әр өңiрiнде аянбай еңбек етуде. Онда тек болашағына кәмiл сенетiн, патриоттық рухы жоғары жастар топтасқан. Осы мақсатта "Жұмысшы жастар одағы" "Нұр Отан" ХДП республикалық желiлiк кестесiнiң iс-шараларын ойдағыдай орындап келедi. Осы аптада партия Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында Қазақстанның жұмысшы жастарының кездесуiн өткiздi.

"Нұр Отан" ХДП "Жас Отан" ЖҚ, "Нұр Отан" ХДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалы, "Жұмысшы жастар одағы" республикалық қоғамдық бiрлестiгi ұйымдастырған iс-шараның мақсаты – ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын насихаттау, жұмысшы жастар ортасындағы өзектi мәселелердi анықтау. Сондай-ақ, келешекте "Нұр Отан" ХДП мен "Жас Отан" жастар қанаты қызметiнде көрiнiс табу үшiн талқыланып жатқан шаралар бойынша келiсiлген көзқарастарды жасап шығару да назарға алынды. Қазақстанның экономикалық, әлеуметтiк және саяси өмiрiнде жұмысшы жастардың белсендiлiгiн арттырып, жастар саясатын iске асыру жөнiнде бiрлескен қызметке шақыру, олардың бойына патриоттық рух себу де өзектi жайтқа айналды.

Жастар қанатының бастамасымен өткiзiлiп жатқан iс-шараға "Жас Отан" ЖҚ Атқарушы хатшысы Н.Өтешов, "Нұр Отан" ХДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басшылығы мен қызметкерлерi, жұмысшы жастардың өкiлдерi – iрi қазба және өңдеу секторының өнеркәсiп кәсiпорындарының жұмысшылары, кәсiподақтардың 35 жасқа дейiнгi өкiлдерi, "Нұр Отан" ХДП "Жас Отан" ЖҚ белсендiлерi және жастар қозғалыстары мен бiрлестiктерiнiң мүшелерi қатысқанын айта кеткен жөн.

Кездесуге Одақтың мүддесiн қорғайтын және белсендi өмiр ұстанымы бар, сондай-ақ жастар саясатын iске асыру бойынша жұмысты басқаруға дайын жастардың өкiлдерi бас қосып, тәжiрибе алмасты.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары