ӨТЕЙБОЙДАҚ IЛIМI ӨМIРШЕҢ

ӨТЕЙБОЙДАҚ IЛIМI ӨМIРШЕҢ

ӨТЕЙБОЙДАҚ IЛIМI ӨМIРШЕҢ
ашық дереккөзі
205

XV ғасырда әз-Жәнiбек хан мен оның уәзiрi Жиренше шешеннiң жанында жүрiп, ханның ақыл-кеңесi бойынша "Шипагерлiк баян" атты кiтап жазған қараүзген емшi Өтейбойдақ Тiлеуқабылұлының есiмi Тәуелсiздiктен кейiн елге белгiлi болды. Өтейбойдақ – қазақ шипагерлiк iлiмi мен тәжiрибесiн ғана қалыптастырған емшi әрi тарихи тұлға. Шипагердiң көп томнан тұратын еңбегiнiң қолжазбасы Қытайда сақталып. Қазақстанда 90-шы жылдың басында жеке кiтап болып жарыққа шыққаны көпшiлiкке мәлiм.

Өтейбойдақ мұрасын зерттеп, құнды мақалалар жазып, жиырма жылдан берi еңбектенiп келе жатқан емшi, "Шипагерлiк баян" газетiнiң редакторы, Зиядан Қожалымұлының атын осы тұрғыдан ерекше атай кеткен жөн. Қазақстан Емшiлер қауымдастығын құрып, қазақ даласында қалыптасқанына сан ғасыр болған ежелгi емшiлiктi "тiрiлткен" оның еңбегi ерекше.

Жақында зерттеушiнiң "Ғаламның жұмбақ сырлары" атты емшiлiктi тылсым дүние, дiн және ұлттық салтпен байланыстырып, ой толғап, сыр шерткен жана кiтабы баспадан жарыққа шықты. Кiтапта Өтейбойдақ негiзiн салған қазақ халқының шипагерлiк iлiмi мен тарихы және оның бүгiнгi уақытпен байланысы жан-жақты айтылып, баяндалады.

Ораз-Ай

Серіктес жаңалықтары